Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.
Іс-шара «Экология және «жасыл» даму саласындағы ынтымақтастық» деген тақырыпта ұйымдастырылып отыр. Екі елдің Президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарын талқылайды.
Он жетінше форум 28 қыркүйекте басталды. Пікірталасқа қатысушылар трансшекаралық Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің экологиялық проблемаларын, Каспий итбалықтары мен киіктердің популяциясын сақтау, климаттың өзгеруі, орман өрттері және басқа да мәселелерді талқылап үлгерді.