«Газды таза отын ретінде пайдалану ерекше назар аударуға тұрады. Газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін біздің елімізде бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда, газға баға белгілеудің жаңа нарықтық тәсілдері айқындалды. Бұл газ жобаларына салымдарды тиімдірек етеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында.
«Біз «Қазтрансгазды» ресейлік «Газпром» сияқты трансформациялау туралы шешім қабылдадық. Компания толыққанды вертикалды интеграцияланған ұлттық газ компаниясы болады. Газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Ресеймен бірлескен ірі жобаларды – Хвалынская және Имашинская жобаларын уақтылы жүзеге асырудың маңызы зор. «Газпроммен» коммерциялық мәселелерді тез арада шешуге келудің маңызы зор, бұл аталған жобаларды іске асыруды жеделдетеді», деді Мемлекет басшысы.
«Баламалы энергия өндірісінің тағы бір перспективалы бағыты атом және сутегі энергетикасы болып табылады. Үкімет Қазақстанда қауіпсіз атом энергетикасын дамыту және энергетиканың мүлдем жаңа түрі – сутекті энергетиканы іске қосу мүмкіндіктерін зерделеуде», деп түйіндеді Президент.