Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2021

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

1048 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Нұралхан Көшеров Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Нұралхан Көшеров 1984 жылы туған. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті заңтану бакалаврын, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастады.

2008-2015 жылдар аралығында мемлекеттік кірістер органдарында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2015-2018 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.