Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін ол сайлауалды уәделердің Қарағанды облысында орындалу барысымен танысты.

Б.Байбектің айтуынша, Мемлекет басшысы жария еткен «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарлама аясында облыста
5 жылға жоспарланған 1 814 іс-шараның 25%-ы орындалған. Жыл басынан бері 308 мың шаршы метр тұрғын үй, 72 км газ құбыры, 46 км су құбыры және кәріз желілері салынған,
1,4 мың км жол жөндеуден өткен. 4 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 60,4 млрд теңге сомаға мыңнан астам жобаға қаржылық қолдау көрсетілген. 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Сайлауалды бағдарламада ауылдардағы дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге ерекше назар аударылғанын ескере отырып, Бауыржан Байбек филиал төрағасы, облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Осакаровка кентіндегі «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығы жанындағы жаңартылған техно орталықта болды. «Сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи жабдық сатып алынған. 654 білім алушы үшін 26 тегін үйірме, оның ішінде бағдарламалау студиясы, роботтехника, жасанды интеллект, балама энергетика зертханалары және басқалары қолжетімді. Оқытушылар арасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында туған жеріне оралған Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары жоғары оқу орындарының түлектері көп екенін атап өткім келеді», деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Б.Байбек атап өткендей, аға буынға қамқорлық таныту – партия басымдықтарының бірі. Бүгінде Қарағанды облысында 200 мыңнан астам егде жастағы адам тұрады. Сондықтан Қарттар күні қарсаңында ол Қарағандыда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ашылған «Белсенді ұзақ өмір» орталығында болды. Мұнда аға буын үшін лингафон сыныптары, би және спортпен айналысу залы, сондай-ақ шығармашылық және оқу сыныптары қолжетімді. Қарт кісілерді белсенді қоғамдық өмірге тарту үшін мұндай орталықтар бүкіл ел көлемінде ашылатын болады.
Бауыржан Байбек өз постында партияның Сайлауалды бағдарламасының тағы бір маңызды бағыты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жайлы атап өтті. Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 2025 жылға дейін колледждер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-ында инклюзивті білім беруді ендіру бойынша міндет қойылған. «Осы бастаманы жүзеге асыруға «Болашақ» корпоративтік қоры өлшеусіз үлес қосуда. Бүгін Қарағандыда №5 және №102 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттеріне баратын оқушылардың ата-аналарымен кездестім. Ата-аналардың айтуынша, заманауи әдістемелер мен «болашақтықтар» оқытқан мамандардың арқасында балалардың әлеуметтік және академиялық дағдылары жақсарып, мінез-құлқындағы проблемалары азайған», деді ол.
Жалпы, «Болашақ» қоры өңірлерде 59 мамандандырылған оңалту мекемелерін ашып, жабдықтаған, оның ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинетін ашқан. 2 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттілігі бар бала қамтылған. Олардың көпшілігі сөйлеуді үйреніп, өз бетінше оқуға көшкен, әртүрлі жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанған. Осы орайды пайдалана отырып, Б.Байбек ерекше балалардың ата-аналарына «Болашақ» қоры ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей дубляждаған мультфильмдердің дискілерін тарту етті. Елбасының тікелей қолдауымен «болашақтықтар» «Өзіңнен баста» жобасы аясында соңғы 10 жылда ең жоғары стандарттар бойынша мемлекеттік тілге 37 кинокартинаны дубляждады.
Сондай-ақ Б.Байбек Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында сайлауалды уәделердің іске асырылу барысын қарастырып, онлайн-форматта кеңес өткізді.
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар