Мерекелік пошта маркасы Қазақстан аумағында 2021 жылдың 7 қазанында айналымға енгізіледі.
«Естелік және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркасының таралымы 2 млн дана, көлемі 26 х 18 мм. Марканың номиналы - 100 теңге.
Сонымен бірге Қазпошта Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркасының тиражы 1 млн дана. Оның номиналы 300 теңге. Көлемі 26 х 18 мм, литерасы «В». Дизайнер Іңкәрім-ай Оңғарбай.
Биыл Ұлттық пошта операторы «Фауна» мен «Естелік және мерейтой күндері» сериясы бойынша әртүрлі тақырыпта 13 млн дана стандартты пошта маркасын шығарады.
Жалпы Қазақстанда 1200-ден астам пошта маркасы айналымға енгізілген. Олардың тақырыптары сан түрлі. Табиғат, тарих, мәдениет, спорт, ғарыш, мемлекетіміздің әлеуметтік және саяси өмірі бағытында пошта маркалары бар. Биыл еліміздің маркалар топтамасы XI ұлттық «Белфила – 2021» филателия көрмесінде «Қазақстан Республикасының пошта маркасы» естелік алтын медалімен марапатталды. Бұл шара XXX халықаралық «Витебсктегі Славян базары» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.