Аймақтар • 02 Қазан, 2021

Алматы облысында 50 отбасы баспаналы болды

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы аясында, Нарынқолда 50 үйдің кілті беріліп, ақынға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында 50 отбасы баспаналы болды

Көптің қуанышын бөлісуге, ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келді.

Өлкедегі қуанышты жайыттың бірі, 50 отбасының баспаналы болуы. Солайша, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мұзбалақ ақынның мерейтойында нарынқолдық ағайын қоныс тойын тойлады.

Тұрғын үй кілттерін табыстау рәсімінде сөз алған Қырымбек Көшербаев, Райымбек ауданының қайта түлегенін көріп, өлкенің ары қарай дамуына тілектестігін жеткізді.

«Тәуелсіздік елең алған уақытта Нарынқолда қиыншылық кезеңдері өтті. Бірақ, Елбасының шешіміне сәйкес, Райымбек ауданы қайта қалпына келді. Арытнша кезінде көшіп кеткен 2,5 мың халық туған жеріне қайтып оралып, өңірдегі тіршілік жандана түсті. Осының бәрі, тәуелсіздіктің арқасы. Облыс әкімі Амандық Баталовқа да алғыс айтқым келеді. Өңір жайнап, өсе берсін. Нарынқолдың жақсарып жатқанын көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін үй алып жатқан отбасылар үшін ерекше күн. Баршаларыңызды қоныс тоймен құттықтаймын», деді ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Жалпы ауданы 4961 шаршы метр.  Мереке күні жеке тұрғын үйдің кілті, 7 жанұяға ресми түрде табысталды. Әр үйдің ауданы-100 шаршы метр. Жерінің көлемі-10 соток.

Тұрғын үйде 3 бөлмемен қатар, ас үй, әжетхана, жуынатын орын қарастырылған. Тіпті, ыстық және суық суы да тартылған. Барлығы жаңа, сапасы жақсы, талапқа сай.

Заманауи баспананы «Гунн Строй Сервис» салса, нысанның жобасын «ЭлМ» компаниясы жасаған. Негізінен үйдің құрылысына 1,1 млрд.теңге бөлінген.