Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Түркістан облысында бетондалған жаңа каналдар пайдалануға беріледі

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Үлкен Келес» магистралды каналы арқылы суландыратын «Р-3» каналының құрылысы биыл аяқталады. Жоспар бойынша келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Мерлан Керімжанов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында бетондалған жаңа каналдар пайдалануға беріледі

Қайта жөндеуден өткен канал арналары бетондалған. Нәтижесінде 5590 га егістік алқабын суару мүмкіндігі туып, ағын су шығынын азайтады.

Сондай-ақ канал бойындағы су реттегіш гидротехникалық құрылғылары күрделі жөндеуден өткізілді. Филиал директоры тағы бірнешеуі жаңадан салынғанын да атап өтті. 

«2022 жылы Отырар ауданында «Шәуілдір үстеме каналын реконструкциялау» және «Ішкі коллекторлық дренаж жүйелерін реконструкциялау» жобалары іске қосылмақ.

Жоба аясында 30,4 шақырым канал бетонмен қапталып, 417 шақырым коллектор дренаж жүйелері механикалық тазалаудан өткізіледі. Нәтижесінде «Д.Алтынбеков», «Көкмардан» каналдары бойындағы 12 мың га жерді сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, жаңадан 7 мың га суармалы жерлер айналымға қосылатын болады», деді Мерлан Керімжанов.