Кезең ішінде ҚР аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.
Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы, циклонға байланысты болады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады.
Түнде ҚР батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.