Коронавирус • 04 Қазан, 2021

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы тәулікте 23 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

Оның ішінде Атырау қаласында 15 науқас тіркелген. Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазыда – 2, Мақат ауданында 1 адамнан коронавирус белгісі табылған.

«Өткен тәулікте 124 науқас сауығып шықты. Қазір үй жағдайында 541 адам емделіп жатыр. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 112, №2 облыстық ауруханада – 58, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, Теңіз кен орнындағы стационарда 69 пациент оқшауланған», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.