Қоғам • 04 Қазан, 2021

АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

Бүгін, ағымдағы жылдың 4 қазанында, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіровтің АҚШ сарапшылары - Чикаго университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында профессор Уэйн АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантын іске асыру шеңберінде оңалту саласындағы мамандармен семинарлар, вебинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ ұрыс қимылдары аймағынан оралған әйелдер мен балалармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.

Кездесуде Б.Бәкіров «Жусан» операциясы аясында оралған репатрианттарды оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша Дін істері комитетімен жүргізіп жатқан жұмыстары және осы саладағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қол жеткізген оң нәтижелері туралы баяндады.

Талқылау барысында қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері бойынша екі тарап үшін қызығушылық тудыратын мәселелер қозғалды.