Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Қазақстан Нидерланд еліне 17,6 млрд доллар инвестиция құйды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк таратқан ақпарат бойынша бес жыл ішінде Қазақстаннан Кайман аралдарына – 1,7 млрд доллар, Люксембургке – 1,1 млрд доллар, ал ең көп қаражат Нидерланд еліне – 17,6 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Нидерланд еліне 17,6 млрд доллар инвестиция құйды

«Бұрын салынған қаражаттың нарықтық құны өсті. Мысалы, Кайман аралдарындағы қазақстандық активтердің қоры бес жыл ішінде 500 млн долларға ұлғайды. Былтыр Қазақстанның шетелге құйған инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар, 2016 жылы бұл көрсеткіш 4,3 млрд долларды құраған.

Нидерланд мемлекетіне мұндай көп соманың аударылуы осы елде қазақстандық бірлескен компаниялардың көптен ашылуымен байланысты. Бұл елде салық жүйесі жеңілдетілген. Кайман аралдарына келетін болсақ, онда ұжымдық инвестиция қорлары белсенді дамыған», дейді Ұлттық Банк.