Елордада Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі апталығы аясында «Химиялық өнеркәсіптің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында конференция өтті. Оны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды.

Химия саласының сарапшылары, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысқан іс-шарада негізгі мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібековтің айтуынша, химия өнеркәсібі – экономиканың стратегиялық маңызды сегменттерінің бірі. Өйткені химиялық өнімдер көптеген салада қолданылады.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы химиялық өнім өндірісінің көлемі 469 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы көрсеткіш те осымен шамалас – 466,2 млрд теңге. Ал 2021 жылдың 7 айындағы көрсеткіш 294,2 млрд теңгеге тең, – деді Олжас Әлібеков.
Оның айтуынша, сала кәсіпорындары ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспорттық нарықтарға да шығады. Мәселен, былтыр экспорт көлемі 922 млн долларды құраған. Ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экспорт көлемі 458,2 млрд теңгеге тең. Химиялық өнімнің негізгі бөлігі Ресейге (18,1 пайыз), Қытайға (9,9 пайыз) және Өзбекстанға (6,9 пайыз) жіберіледі.
Соңғы жылдары химия нарығындағы инвестициялық белсенділік артып келеді. Айталық, 2020 жылы инвестициялар 84 пайызға (298,1 млрд теңгеге дейін) өскен. Осы жылдың жеті айында инвестиция көлемі 5,1 есе, 315,6 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Көрсеткіштердің өсуі Атырау облысындағы мұнай-газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңіндегі құрылысымен байланысты.
О.Әлібеков атап өткендей, 2010 жылдан бастап индустриялық бағдарламаны іске асыру химия өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай серпін берген. Осы кезеңде шамамен 5,5 мың жұмыс орны құрылып, 137,1 млрд теңгеге 83 жоба іске асырылған.
KAZHIMPROM Қазақстан химия өнеркәсібі одағының басқарма төрағасы Олег Пактың айтуынша, бүгінде Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі химия өнеркәсібінің үлесі 0,25 пайызға тең. Бұл басқа елдермен салыстырғанда көп төмен. Мәселен, аталған көрсеткіш Ресейде – 2, Әзербайжанда – 5, Өзбекстанда – 1, Кореяда – 1,6, АҚШ-та – 2, Қытайда – 8, Германияда 10 пайызды құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ішкі жалпы өнім көлеміндегі химия өнеркәсібінің үлесін 2,5-3 пайызға дейін өсіруге мүмкіндігі бар.
– Саланың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – шикізатқа қолжетімділіктің шектеулілігі. Сонымен қатар метанол, аммиак, этилен, пропилен, бензол, этилен тотығы, каустикалық сода секілді бірқатар базалық химиялық өнімдерге бизнестің қолы жете бермейді. Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қолжетімді қаржыландыруға қатысты да мәселелер бар. Бұларды шешу үшін қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Арнайы экономикалық аймақтар базасында және басқа да алаңдарда мемлекет есебінен өнімдер өндірісін ұйымдастыру керек. Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қолжетімді қаржыландыру құралдарын ұсыну, өнеркәсіптік гранттар беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру арқылы да саладағы мәселелерді шешуге мүмкіндік бар, – дейді О.Пак.
QazIndustry орталығының өкілі Салтанат Үйсімбаеваның айтуынша, COVID-19 пандемиясы әлемдік өнеркәсіптің жағдайына айтарлықтай әсер еткен.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар