Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері

1083 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Руханижаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Президент Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.

Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері

Қазақстан Республикасы Президен­тінің Архиві өңірлік архивтермен се­рік­тестік қарым-қатынас орнатуға аса көңіл бөліп келеді. 2017 жылдан бастап аймақтардағы архив мекемелерімен бірлескен ғылыми-зерттеулерді жүргізу, тарихи-құжаттық көрмелерді дайындау, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және тағы басқа жобаларды жүзеге асыруды қамтитын «Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің өңірлердегі күндері» ша­ра­лар кешені өткізілуде. Мұндай ша­ралардың ұйымдастырылуы Қа­зақстан Республикасы Ұлттық архив қоры­ның құжаттарын әйгілеп, насихаттау­ға және архившілердің кә­сіби мәселе­лер­ді бірлесе отырып шешуіне де ба­ғыт­талған.

Әріптестерімен басқосу барысында Президент Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова отандық архив саласының алдында тұрған өзекті міндеттерге тоқталды.

– Қазіргі уақытта архив саласы кадрлық әлеуетті сақтап қалу және кү­шейту бойынша тиісті шараларды қабылдауды қажет етеді. Бұған қоса, архив саласында жаңа бағыттар қа­лыптасуда, заманауи технология­лар қолға алынып, жұмыс әдістері жетіл­дірілуде, – деп атап өтті.

Жәмилә Әбдіқадырова өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көп­теген жаңа сын-қатер пайда болып жат­қан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқын­дай түсуіміз қажет», деген ойды басты негізге алды. Президенттің бұл пайы­мы бізді Қазақстан Республикасы, Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтын дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», деген тұжырымына назар аудартады.

Шараның ашылуында Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің директоры Минара Сәдімекова да сөз алды. Архивтік құжаттарды насихаттау жә­не оларға қол жеткізу мақсатында, Тә­уелсіздік жылдары көптеген кітап­тар мен құжаттар жинағы, атап айтқан­да, «Жемчужина Каспия», «Летопись города Актау», «Берекелі Бейнеу», «Қа­ра­шаңырақ» және тағы басқа кі­тап­тар жарық көрді. Кеңестік саясат­ты күш­теп енгізуге, зорлық-зомбылыққа ­ашық қар­сы шыққан батырлардың бірі ­Т.Құр­маш туралы «Тоқабай Құр­маш» кі­табы да осы кезеңде дайын­дал­ды. «Маңғыстаудың азалы жыл­дары» кі­табына Маңғыстау облысындағы 1920-1940 жылдардағы қуғын-сүргін жөніндегі құжаттар мен мақалалар, естеліктер енген. «Адай көтерілісі» екі томдық жинағына 1931 жылы Гурьев округіндегі Адай көтерілісі туралы ­құ­­жаттар жарияланған. Жинақтағы ­құ­жаттар 1928-1933 жылдар аралы­ғын қамтиды.

Ш.Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов баяндамасында жаңадан шыққан «Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. 1928-1934 гг.»
құжаттық жинағымен таныстырды. Сондай-ақ олТарих және этнология институтының Қазақстандағы жап­пай қуғын-сүргінге негіз болған құжаттар енгізілген ХХ ғасырдың 1920-50 жылдарындағы саяси репрессия тарихына байланысты жинақтың әзірленіп жатқанын айтты. Зиябек Қабылдинов Президент Архиві мамандарына жүгінгенін, себебі отандық архившілердің қатысуынсыз бұл жи­нақты жарыққа шығарудың мүмкін еместігін атап өтті.

Шараның бағдарламасына сәйкес Президент Архивінің құжаттарды ­пайдалануды ұйымдастыру басқар­ма­сы­ның басшысы Бөлеген Қасенов қатысушыларға «Тәуелсіздік дәуірі: ҚР Президенті Архиві қорларынан» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көр­мемен онлайн форматта таныстырды. Маңғыстау облысы мемлекеттік ар­хивінің коллекциясынан «Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай» тақырыбындағы тарихи-құжаттық онлайн көрмеге Архив құ­жаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің маманыАйжан Абдулина шолу жасады.

Маңғыстау облысы мемлекеттік ар­хивінің бас сарапшысы Жанат Нұр­маханова өз баяндамасында «Тағ­зым» бес томдық құжаттық жинағы туралы айтты. Жинақта архив материалдарынан деректер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы естеліктер, соғыс кезіндегі тыл ардагерлері мен ең­бек адамдарының қызметі туралы ақпа­раттар, фотокөшірмелер және басқа да материалдар түпнұсқадан көшіріліп келтірілген.

«Мемлекеттік архивтер жұмысы­ның негізгі бағыттары: нормативтік-әдістемелік база және тәжірибе» атты семинарда Президент Архивінің қыз­меткерлері ведомстволық архивтермен жұмысты ұйымдастыру, архив құжаттарын есепке алу, сақтау және оларды пайдалану бойынша тәжі­ри­белерімен бөлісті.