Өнер • 05 Қазан, 2021

Тәттімбет оркестрі таңғалдырды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия елінде болған гастрольдік сапар кезінде Қарағандының Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі 10 мыңнан астам көрермен алдында өнер көрсетіп, домбыра мен қобыз үні арқылы Ұлы дала тарихын жүректерге жеткізе білді.

Тәттімбет оркестрі таңғалдырды

Өнер ұжымы Қазақ­стан Тәуелсіз­дігінің 30 жыл­­ды­ғы мен Дүниежүзі қазақ­­та­рының кіші құрыл­тайы ая­­сын­дағы іс-шараға арнайы шақы­рылған болатын.

Концерттік бірлес­тік­­тің жетек­шісі Тал­ғат Ыды­­рысов кіші құ­рыл­­тайға қатысып, соны­мен бірге Ала­­ния, Ан­талия, Хатай, Га­зиан­теп, Ыс­танбұл және Конья қа­ла­ларында концерт бер­­ген­дерін хабардар етті.

– Оркестрдің концерт­терін Түр­кияның 10 мың­нан астам көрермені тамашалады. ЭКСПО-ның ашылуына дайындалып жатқан Хатайда амфитеатр залын бірінші болып сынап көру сәті түсті. Бізге ЭКСПО ашы­­­луында да өнер көрсету ту­ралы ұсы­ныс түсті, – дей­ді Т.Ыды­рысов.

Ал Тәттімбет оркес­трінің дири­жері Ерлан Бақ­­­тыгерей болса, түрік кө­­­рермендерінің ұлттық му­зы­ка­лық аспапта­ры­мыз­дың үніне айрықша таң­ғалып, ерекше әсерге бө­ленгендерін атап өтті.

– Дәулеткерей, Құр­ман­ғазы, Тәттімбет, Ма­хам­беттің күйлері мен Нұр­ғи­са Тілендиевтің заманауи әндерін орындадық. Сонымен қатар белгілі тү­­рік композиторларының шы­ғармалары, түрік ән­де­ріне попурри орындалды. Көрермендерге ұнағаны сон­ша, олар орындарынан тұ­рып кетіп, би биледі, ән салды, – дейді дирижер.

Алдағы күндері атал­ған өнер ұжымы жа­ңа кон­церттік маусымын аша­­ды. Оркестр репер­туа­­рында қа­­зақ және орыс клас­­сик­терінің шы­ғар­­ма­лары, сон­дай-ақ гас­троль­дер бағ­­­­дар­­ламасынан әндер бо­­лады деп жоспарланған.