Спорт • 05 Қазан, 2021

Министр Қазақстан құрамасымен кездесті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы елге оралды. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясында салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Министр Қазақстан құрамасымен кездесті

Іс-шарада команда және бапкерлермен кездесуде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құрамамыз жанкүйерлер үмітін ақтап, футзал әлемінде сенсация жасағанын жеткізді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Табанды ойын мəнерін көрсетіп, əлемнің алпауыт құрамаларына лайықты қарсылық көрсеттіңіздер. Терезесі тең ойында біздің құрама санасуға тиіс қарсылас екенін паш еттіңіздер. Сіздердің жеңіске деген зор ерік-жігерлеріңіз, команданың ұйымшылдығы, жанқиярлығы, патриотизмнің жарқын көрінісі көпке үлгі. Сіздер үшін əр матч оңайға түскен жоқ. Алайда сіздер сын сағатта шын шебер екендіктеріңізді көрсетумен болдыңыздар. Халықаралық футбол федерациясының біздің құраманы адал ойын көрсеткені үшін арнайы жүлдемен марапаттауы осының айқын дәлелі. Құрметті футболшылар, бапкерлер біз сіздерді мақтан тұтамыз», деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35