Қазақстан • 05 Қазан, 2021

Киноорталықтағы комплаенс қызметі

339 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес квази­мем­лекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жем­қор­л­ыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттерін орын­дайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалуға тиіс.

Киноорталықтағы комплаенс қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Комплаенс қызметі – ресми мәртебесі, барлық қажетті ақпаратты алуға қол жеткізу құқығы, комплаенс-бақылау саласындағы қажетті сарапшыларды тарта отырып, әлеуетті заң бұзушылықтар бо­йынша ішкі тергеу жүргізу құқығы бар ұйымдағы тәуелсіз бөлімшелер. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметкерлері өз пікірін білдіру және тәуекелдерді бақылау процесінде анықталған заң бұзушылыққа қатысты мәліметтерді беру үшін алқалы органға тікелей қол жеткізе алуға тиіс.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті жерлердегі комиссарлары, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың көп деңгейлі жүйесін табысты іске асыруды қамтамасыз ете отырып, реттеуші және қадағалаушы органдардың барлық санаттарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (ҰКҚМО) квазимемлекеттік сектордың субъектісі болып саналады, оның міндеті – кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноөндірісті дамыту үшін жағдай жасау.

ҰКҚМО қызметінің бір түрі – ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру. Өкініш­ке қарай, тәжірибе көрсеткендей, бұл сала сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдеріне бейім. Сондықтан Киноорталық өзі­нің алғашқы күнінен бастап отандық киноиндустрияны дамытудың жаңа келбетін жасауға бағыт алды, оның негізінде фильмдерді ұлттық деп тануға арналған ашық питчингтер – конкурстар өткізу және оларды кейіннен мемлекеттік қар­жыландыруға шығару жатыр. Бүгінде фильмдерді мемлекеттік қаржыландыру туралы шешім Сараптама кеңесінің қорытындысы мен ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде қабылданады. Киноорталық пайда болғаннан кейін фильмдерді бюджеттеу жүйесінің өзі түбегейлі өзгерді. ҰКҚМО басымдықтарының негізінде прокат көшбасшылары мен еңбек сіңірген кино қайраткерлерін қолдау ғана емес, сонымен қатар дебюттік, анимациялық және авторлық кино сияқты бағыттарды дамыту жатыр.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында ҰКҚМО басқармасының төрағасы Есетжан Қосыбаевтың бұйрығымен үстіміздегі жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның негізгі міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мүдделер қақ­ты­ғысын анықтау және реттеу, корпоративтік этикалық құн­ды­лықтарды дамыту.

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану мақсатында ҰКҚМО-да комплаенс-бақылау функциясы енгізіліп, іске асырылуда, оның мақсаты – комплаенс-тәуекелдерді басқару. Бұл жұмысты іске асыру басшыдан және бас комплаенс-бақылаушыдан тұратын комплаенс қызметіне жүктелген. Оның құзіретіне киноорталық қызметінің қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылауды жүзеге асыру кіреді. Комплаенс қызметі сонымен қатар алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне жауап береді.

– Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы – тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шең­бе­ріндегі тәуелсіз комплаенс қызметтерінің тиімді қызметі болып саналады, – деп атап өтті «Ұлттық киноны қол­дау мем­лекеттік орталығы» КЕАҚ комплаенс-қызметінің бас­шысы Марат Камзолдаев.

Комплаенс қызметі мамандарының негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Бұл ретте ең маңызды басымдығы – алдын-алу.

ҰКҚМО лауазымды тұлғалар мен мамандар арасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері, олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы хабарламаларды [email protected] электронды поштасына жолдауды сұрайды. Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Жақын арада ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жүгінуге болатын «жедел» желіні құру жоспарлануда. Киноорталықтың ресми сайтында барлық қажетті ақпарат қолжетімді болатын арнайы бөлім ашылады.

– Бұл шаралардың барлығы, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілету үшін қолайлы орта құруға бағытталған, – дейді ҰКҚМО басшысы Есетжан Қосыбаев.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының комплаенс қызметі ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу құралы ретінде тиімді болатыны сөзсіз.