Қазақстан • 06 Қазан, 2021

Тәуелсіздік тірегі

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордадағы жалпы орта білім беретін мекемелердің «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері арасында дәстүрлі «Жас сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» күзгі әскери-патриоттық ойындары өтті.

Тәуелсіздік тірегі

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ елордалық филиалы ұйымдастыр­ған бұл іс-шара Нұр-Сұлтан қала­сы  әкімдігі, «Астана жастары» КММ, Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен жүргізіліп отыр. Әдеттегідей әскери бөлімдердің базасында кезектесіп жүргізілетін жарыстар бұл жолы қаламыздағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында болды.

Іс-шара барысында жас өрен­дерге нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, пат­­риот­тық тәрбиелеуге бағытталған жа­рыстар ұйымдастырылды.

3 күнге созылған жиында тәр­биеленушілер әскери-қолдан­балы спорт түрлерінен сайысқа түсті. Атап айтар болсақ, белте­мір­ге тартылу, автоматты бөлшек­теу, химиялық қарудан қорға­ныш костюмін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындау, «Smart Sarbaz» роботтехника сайысы. Әскери бөлім ұйым­дастыруымен әскери ансамблі кон­церті, әскери қару-жарақтар мен техниканың түрлері, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі мен орындайтын тапсырмалары, қолма-қол ұрыс пен жекпе-жек тәсілдері көрсетілді.

Сайыстар бойынша жалпы командалық есеп жасалып, үздіктер анықталды. Жекелеген сайыстар бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынында Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайды.