
Бүгінгі күні барлық техника жоспарлы жөндеу мен техникалық тексерістен өтті.
⠀
Қар қалың жауған және бұрқасын кезінде арнайы техникалар темір жол желісіндегі жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды қардан тазалау мен жинауда тиімді пайдалану үшін бөлінген. Басым бөлігі қар басып қалатын ерекше өңірлерде: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей және Ақтөбе облыстарында шоғырланған.