Қазіргі уақытта электр энергиясы мен қуаты күрделі жағдайда. Оған Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын тұтынудың қарқынының өсуі әсер еткен, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылдың 9 айында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну өсімі оңтүстік аймақта - 11,8%, солтүстік аймақта - 5,8% және батыс аймақта 6,6%-ды құраған.Қарбалас уақытта қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1000-1500МВт-қа артық. Бұл қуат тұтас бір облыстың тұтынуымен тең. Мысалы, Алматы облысының тұтынуымен бірдей», деп жазады «KEGOC» АҚ.
Жағдайдың күрделенуіне ҚР БЭЖ Электр станцияларындағы авариялық және жоспарланбаған жөндеулердің көп болуы және генерациялайтын қуат тапшылығы да әсер етіп отыр. Мысалы, генерацияны авариялық ажыратудың ұзақтығы былтырмен салыстырғанда 25%-ға ұлғайған.
«Бұл ретте жабдықтың жекелеген түрлері бойынша бұл көрсеткіштің өсуі айтарлықтай жоғары: турбоагрегаттардың авариялық тоқтатылу ұзақтығы 2 еседен астам шамаға өсті (+134%, 2020 жылы 12177 сағат, 2021 жылы 28550 сағат), газ турбиналарының авариялық тоқтатылу ұзақтығы 43%-ға, энергия блоктық жабдықтың 18%-ға өсті», деп жазылған хабарламада.
Генерацияның жетіспеушілігі тұтынушылардың қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін ахуалға әкелген. Бұл өз кезегінде Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының жоспарлы шамалардан ауытқулына әкеліп соғады. Энергия жүйесі бойынша қуаттың ауытқуы шамамен 1000 МВт құрайды, соның ішінде тек Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік аймағы бойынша ауытқу шамасы 700 МВт-тан асады.
«Генерацияның жетіспеушілігі, қуат пен электр энергиясының ауытқуы Қазақстан БЭЖ тұрақтылығының бұзылуына қауіп төндіреді – ірі жүйелік аварияның пайда болу қаупі бар. Кешкі максимум сағаттарында Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша электр энергиясының ағыны рұқсаттық мәннен асып түседі. Генерацияның иеліктегі резервтерінің толық таусылуына байланысты тұтынушылар үшін авариялық істен шыққан генерацияны алмастыру және жоспарлы импортты іске асыру мақсатында шектес энергия жүйелерінен жоспарлы жеткізуді жүзеге асыру қажеттілігін атап өтеміз», деп ескертеді қоғамдастық.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Жоспардан тыс тұтыну орын алған жағдайда, «KEGOC» АҚ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұтыну режимін сақтау үшін тұтынушылардың жекелеген санаттарына шара қабылдауға мәжбүр болады.
«2021 жылғы 5 қазанда Жүйелік операторға жүктелген міндеттемелерді орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес тұтынуды шектеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: «АЖК» АҚ желілеріндегі шектеулер - 75 МВт. (асып кету 160 МВт, диапазонынан тыс 90 МВт). «Қызылорда ТЭК» АҚ желілерінде шектеу - 31 МВт (асып кету 39 МВт, 33 МВт). «Enegix» АҚ шектеулері - 68 МВт (асып кету 100 МВт, диапазонынан тыс 90 МВт)», деп жазылған хабарламада.
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған
Қазақстан • Кеше
Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
Коронавирус • Кеше
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді
Әлем • Кеше
Павлодарда жер астынан су атқылады
Аймақтар • Кеше
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттен фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Елордалық оқушыларға 670 млн теңге бөлінеді
Елорда • Кеше
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
Елорда • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған
Әлем • Кеше
Тағы 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Қоғам • Кеше
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Кеше
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Кеше
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Кеше
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Кеше
Атырау және Хорезм облыстары өзара тиімді байланысты кеңейтпек
Қазақстан • Кеше
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Кеше
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Кеше
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Кеше
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Кеше
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Кеше
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Кеше
Коронавирус • Кеше
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Кеше
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар