«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні, сағат 07:50-де Алматы-1 – Алматы-2 теміржол аралығында теміржолға жақын орналасқан нысандарды электрмен қамтамасыз етуге арналған электр сымдарына ағаш бұтағы құлаған.
«Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері оқиға орнын жедел түрде токтан ажыратылып, сымдардан ағаш бұтағын алып тастады. Кейін электр энергиясы қайта берілді. Аталған мәселеге байланысты пойыздардың кешігуі және ешқандай зардаптар болған жоқ», деп жауап берді ҚТЖ баспасөз қызметі.