Коронавирус • 06 Қазан, 2021

Шығыс Қазақстанға Қытайдан көмек жеткізілді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан гуманитарлық көмек келді, деп жазады Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанға Қытайдан көмек жеткізілді

Көрнекі сурет

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарымсыз көмек ретінде гуманитарлық жүк жіберген.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, онда 3 мың қорғаныс киімі, 6 мың медициналық маска, 63 мың хирургиялық және 10 мың жұп медициналық қолғап бар.

Жеткізілген жүк өңірде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне беріледі. Осылайша, облыс бойынша жеке қорғаныс құралдарының қоры екі айға толықтай қамтамасыз етілді.