Коронавирус • 06 Қазан, 2021

Қазақстанда 4,5 мың вакцина жарамсыз болып шықты

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 4,5 мың вакцина жарамсыз болып шықты

Елімізде температура режимі сақталмағаны үшін коронавирусқа қарсы 4,5 мың вакцина жарамсыз болып қалған.

«Вакцинаны сақтау, тасымалдау мониторингісіне сәйкес, осы жылдың ақпан айыннан бастап 4,5 мың вакцинаның температура режимі сақталмағаны анықталды. Ережеге сәйкес, мұндай вакциналар есептен шығарылуы керек. Бұл вакциналарды адамдарға егуге болмайды. Сондықтан  есептен шығарылды», деді Марат Шоранов.