Коронавирус • 07 Қазан, 2021

Вакцинаның қауіпсіз екенін аңғартады

201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавиурс пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакциналау: жақтайтындар мен қарсылық танытқандар» атты әлеуметтік сауалдама нәтижесімен бөлісті.

Вакцинаның қауіпсіз екенін аңғартады

Коронавирус пандемиясына қарсы «Ел үшін егілемін» азаматтық штаб өкілдері Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 18 жастан асқан 2 559 респонденттен тәуелсіз әлеуметтік сауалдама алды.

Бұл сауалдамаға қатысқандардың басым бөлігі, атап айтқанда, 65,6%-ы коронавирус инфекциясымен ауырмаған. Дегенмен 3%-ы COVID-19 жұқтырып, ауруханаға жатқызылған (ПТР тестілеу кезінде вирус анықталған), ал респонденттердің 21,4%-ында вирус белгілері болған, алайда олар ПТР тестін тапсырмаған. Бұл кейбір азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығынан хабар береді.

Заңгер, Нұр-Сұлтан қаласындағы Заңгерлер одағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін сауалдама нәтижесімен таныстыру кезінде зерттеу сұралғандардың жалпы екпе мен COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген көзқарасын байқауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мысалға, қатысқандардың 11,9%-ы екпеге қарсы болса, 24,2%-ы қолдаған. Сұралғандардың 69,9%-ы жалпы екпеге, ал 58,5%-ы COVID-19-ға қарсы вакцинаға қарсылық танытып отыр. Жалпы вакциналауға респонденттердің 18,5%-ы, ал COVID-19-ға қарсы екпеге 17,4% бейтарап пікір білдірді. Өңірлер бойынша айтатын болсақ, COVID-19-ға қарсылық танытқандар саны бойынша Солтүстік Қазақстан (46%), Атырау облысы (37,8%) және Алматы облысы (35,2 пайыз) алда. Коронавирусқа қарсы вакцинаға бейтарап пікір білдірген өңірлер Түркістан облысы (7,1%), Батыс Қазақстан облысы (10,8 %) және Жамбыл облысы (11,8%). Бұл Түркістан облысы вакциналау бойынша көш бастап, коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл аймаққа» ауысқанын білдіреді.

Сауалдама нәтижесі бойынша, Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы вакцинаға сенімі төмен аймақтарда ақпараттық жұмыс жүргізуге дайын. Жүргізілген сауалдамадан шыққан нәтиже – COVID-19-ға қарсы вакцина қауіпсіз. Тек 2 пайыз респондент вакцинаның денсаулыққа ұзақ жанама әсері барын атап өткен.

Айта кетелік, 2021 жылдың 3 тамызы күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы құрылды. Азаматтық штабтың мақсаты – COVID-19-ға қатысты барынша шынайы ақпарат таратып, азаматтарды вакцина алуға үгіттеу. Ұйымдастырушлар елімізді қалыпты, ковидке дейінгі өмірге қайтаруды мақсат етіп отыр. Ал бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, халықтың 70-80 пайызын егу арқылы коронавируспен ауырғандар мен көз жұмғандар санын азайтқан кезде ғана мүмкін болмақ. Халыққа шынайы вакцина туралы ақпарат таратуға қол ұшын бермек белсенділер арасында Вячеслав Локшин, Жібек Жолдасова, Рафаил Розенсон, Динара Сәтжан, Рахым Ошақбаев, Әсел Қараулова, Саида Тәукелева, Майра Измайлова сияқты тағы басқа белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам белсенділері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар. Бастамашыл топқа 200-ден астам жоғары кәсіби мамандар кірді. Олар өз білімдерін, кәсіби тәжірибелерін және басқа да ресурстарын елді вакцинаға қатысты хаостан шығару үшін жұмсауға дайын.