Коронавирус • 07 Қазан, 2021

Алматы облысында 756 сынып карантинге жабылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында 756 сынып карантинге жабылды

Департаменттің хабарлауынша, Алматы облысында 984 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған.

«2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында Алматы облысында мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 1227 жағдайы тіркелді, оның 215-і жазғы демалыс кезінде, 984-і офлайн режимінде оқу барысында, 28-і оқыған студенттер арасында тіркелді. Облыстағы 288 мектептің 756 сыныбына карантин енгізу туралы 781 қаулы қабылданды, 12 680 оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Бүгінгі таңда 509 сынып карантиннен босатылды, 7873 оқушы сабаққа қайта оралды», деп хабарлады департамент.

7 қазандағы жағдай бойынша облыста 52255 адам КВИ жұқтырған.