Әлем • 07 Қазан, 2021

Қырғызстанда «Abai Uii» орталығы ашылды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстанда «Abai Uii» орталығы ашылды

«Отандастар қоры» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қырғызстанда тұратын отандастармен кездесу өткізді.

Қырғыз Ұлттық кітапханасының базасында өткен шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова және қазақтар қауымдастығының төрайымы Гүлшат Асылбаева, Қырғызстандағы қазақ қауымдастығы өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады.