Оқиға • 07 Қазан, 2021

Алматы облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қапшағай қаласында көлік апатынан бір адам мерт болды. Тағы алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. «Капшағай трассасында жол апаты, казино маңы», делінген жазбада.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Қапшағай қаласында тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 6 қазан күні сағат 17:00 шамасында «Kia Cerato» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, алдында келе жатқан «Газель» көлігіне соғылған.

«Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олар Қапшағай қаласындағы ауруханаға түсті. Зардап шеккен 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу басталды», делінген ведомство хабарламасында.