Қоғам • 07 Қазан, 2021

Техноолигархтар және мәңгілік алқабы

227 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

1990 жылы БҰҰ санағы бойынша әлемде 100-ден асқан адамдардың саны 5 мың болса, 2015 жылы 450 мыңға жеткен. Енді планетамыздың халқы әдеттегідей адамдардың туу есебінен емес, ұзақ өмір сүретіндіктерінен көбейетін болады. 2100 жылға қарай ұзақ өмір сүрушілер саны 25 миллионға жетеді деп болжанып отыр. Оған қоса жасы 110-нан асқандардың саны тұрақты өсу үстінде. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап мұндай «супер қариялардың» саны 10 есе көбейген екен. Тек Жапонияның өзінде бүгінде 150-ден астам тұрғын екінші жүзжылдыққа қадам басқан. Сонымен қатар рекордтық жасқа жеткендер де бар. Олар – 122 жасқа де­йін өмір сүрген француз әйел Жанна Кальман, 119 жасында дүниеден озған америкалық Сара Кнаусс, 118 жастағы жапондық Канэ Танака.

Техноолигархтар және мәңгілік алқабы

Біз қаншалықты ұзақ өмір сүре аламыз?

Жауабы – 115, дәлірек айтсақ 114,9. Осы жастан асқан адамдар санаулы. Бұл тұжырымды Нью-Йорктегі Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің атақты генетигі Ян Вейг беделді Nature ғылыми журналына жариялаған өз мақа­ласында жасаған болатын. Алайда екі жылдан соң, 2018 жылы тағы бір беделді Science журналында белгілі демографтар – Рим университетінен Элизабетта Барби және Берклидегі Калифорния университетінен Кеннет Вахтердің мақаласы жарық көрді. Олар ұзақ өмір сүруге қатысты қойылған шектеуді қа­был­дамады. Ғалымдар адамдарда 80 жасқа келгенше өлім қаупі тұрақты түр­де ұлғаятынын, бірақ содан кейін қатер төмендеп, бірқалыпты болатынын көрсетті. Мысалы, 105 жасқа келген адамның тағы бір жыл өмір сүруге 50 пайыздық мүмкіндігі бар. Бұл жағдай сәйкесінше 106, 107, 108 және 109 жас­та да жалғасады. Авторлар ұзақ өмір сүруде ешқандай шектеу болмайды деп қорытындылады.

Чикагодағы Иллинойс универ­сите­тінің профессоры Джей Ольшанский ұзақ өмір сүру шегін мойындауға жақын, оның пайымдауынша, ешкім екі минут ішінде бес шақырым жүгіре алмайды, сол секілді ешкім ұзақ өмір сүрудің белгілі бір лимитін жеңе алмайды. Бұған жай ғана анатомиялық және биологиялық шектеулер бар. Бірақ Бирмингемдегі Алабама университетінің биологы, профессор Стивен Остад өзге ұстанымда. Ол біздің арамызда 150 жасқа дейін өмір сүретін адам бар деп есептейді.

Екі ғалым әрқайсысы өздері құрған инвестициялық қорға 150 доллардан салып, 2150 жылға қарай жеңімпаздың ұрпақтары сол кезде жинақталған ди­ви­дендтерді алады деген үмітте. Бір қы­зығы, бұл қор ірі инвесторлардың назарын аударды. Оның капиталдануы үнемі өсіп келеді, ал профессор Ольшанский бастапқыда жинақталған дивиденд­тер­ді алтынға және Tesla акция­ла­­ры­на ­инвестициялап үлгерген екен. Ол 2150 жылы дивидендтер бөлінген кезде қордың бағасы 1 млрд долларға же­тетініне сенімді.

Техноолигархтар және мәңгілік өмір жайлы арман

Силикон алқабының техноолигарх­тары ұзақ өмір сүру мәселесіне қызы­ғушылық танытуына таңғалуға бол­май­ды. Байлыққа, мықты денсаулыққа және өмірдің жоғары сапасына ынталана ұмтылған олардың ұзақ және әдемі өмір сүрулеріне барлық негіз бар және оған мүмкіндіктері де жетеді. Белгілі трансгуманист Йоваль Харари айт­қан­дай, Силикон алқабындағы қазір­гі техно­оли­гархтар бедел, қоғамға танылу және саяси ықпал тұрғысынан ежелгі Ва­вилон құдайларына ұқсайды. Олар ұзақ өмір сүруге қаражат аямайды. Мысалы, Google 1,5 млрд доллар қаржы бөліп, тек өмірді ұзарту саласындағы технологиялық әзірлемелермен айналысатын Calico (California Life Company) компаниясын құрды.

Философтар «өлім өмірге мағына бе­реді» дейді. Көркем шығар­ма­шылық­та өлімнен қорқу арқылы көп нәрсе ­сипатталады. Кез келген қара­пайым адам үшін де, Силикон алқабын­дағы миллиардер үшін де өлім – шексіз қасірет, оған ешкім жол бергісі кел­мей­­ді, бі­рақ бұған ешкім қарсы тұра ал­­майды. Джефф Безос (Amazon) және Питер Тиль (Y-combinator) ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашу үшін 700 млн доллар бөлді. Оған Ларри Эллисон (Oracle) 370 млн доллар инвестиция салуға ше­шім қабылдап, өз сөзінде «өлім туралы ойлар қайғылы ойға итермелейтінін» атап өткен. Ларри Пэйдж (Google) әлі «өлуді жоспарламағанын» мәлімдеген. Техноолигархтардың көзімен қараған­да, өмір мен өлім – табиғат пен эволю­ция­ның негізгі көрінісі емес, керісінше, зияткерлік ресурстар, қажетті инвестициялар, компьютерлік алгоритмдер мен жоспарланған нақты қадамдар арқылы шешуге мүмкін болатын технологиялық міндет сияқты.

Бұл – өздерін «өлмейтіндер» (immor­talists) деп атайтын ғалымдар тобы­ның қызметінің мәні. Олар екі топқа бөлінеді. Олардың бірін сингулярлық теорияның апологеті – британдық Обри де Грей басқарады. Ол адам өз денесінде бола отырып, оны жаңарту мен жетілдіруге шексіз мүмкіндіктері бар деп болжайды.

Басқа топты «робокоптар» деп атай­ды. Оны футурист Рей Курцвейл бас­қарады, оны Ларри Пейдж Google-де ұзақ өмір сүру жөніндегі ғылыми кеңес­ші ретінде жұмыс істеуге шақырған болатын.

Трансгуманизм идеяларын уағыз­­да­ған Рей Курцвейл болашақта адам­­ның биологиялық тәнін механикалық ­құ­рыл­­­ғылармен және жасанды интел­лект­­пен біріктіруге (конвергенция) бо­лады деп санайды. Бұл адамға өмір­дің био­логиялық шектеулерін жеңуге мүмкін­дік береді. Ал Йоваль Харари мұндай адамды Homo Deus – «Құдай адамы» деп атады. Айтпақшы, бар­лық «өлместер­дің» қосымша жоспары бар – бұл ғылым өлмеудің нақты жолын тапқанша өздерін сұйық азотта қатырып қою.

Өмірді қалай ұзартуға болады?

Біз өлімнің келетінін білгендіктен, өмірдің аяқталатынын ұғынып, белгілі бір әрекеттер жасаймыз. Сондықтан біз­­де тәуекел ету мүмкіндігі бар – биік тау­ға көтерілу, мұхитта жүзу немесе жай ғана жолды кесіп өту, бейтаныс мей­рамха­нада кешкі ас ішу. Өлмейтін бол­сақ, біздің кез келген қауіпті әрекетке баты­лымыздың жетуі екіталай болар еді. Бұл мәңгілік өмірді жоғалтумен байланысты.

Біз өмір сүру ұзақтығын екі есе арт­тыру секілді амбициялық мақсатты мысалға алып көрейік. Бұл өзі мүмкін нәрсе: ХХ ғасырда біз орташа өмір сүру ұзақтығын 40-тан 75 жасқа дейін, яғни екі есеге жақын арттырдық, сондық­тан неге 150 жасқа дейін арттыруға тырыс­пасқа? Тіпті мұндай прогресс біздің санамыз бен болмысымызды төңке­ріп жіберер еді. Отбасылық институттар­ды, ерлі-зайыптылар арасындағы қа­рым-қатынасты, ата-аналар мен балала­р арасындағы байланысты мысалға ала­йық. Бүгінде біз шамамен 25 жас­та өз ғашығымызды жолықтырып, от­­ба­сы құрдық делік. Біз отбасылық өмір­­дің ең белсенді бөлігін балаларға арнай­­мыз. 150 жылдық өмір сүру ұзақ­ты­ғында отбасылық өмір 125 жылға созы­латындығын білдіреді, олардың едәуір бөлігі бала тәрбиесінен тыс өтеді. Бұл қан­шалықты шынайы әрі дұрыс?

Тағы бір мысал – қызметтік ман­сап. Бүгінгі таңда көпшілігіміз мамандық­ты жас кезімізде (20-30 жаста) оқып, оған бүкіл саналы өмірімізді арнаймыз. Кем дегенде зейнетке шыққанға дейін, яғни 30-40 жыл. 150 жыл өмір сүру ұзақтығы жаңа технологиялардың енгізілуімен қатар, біз 100 жастан ас­қан кезде де әртүрлі мамандықтарда шығар­машылықпен жұмыс істеудің ерекше мүмкіндіктері туындайды. Бұл мол тә­жірибе жинақтаған қариялардың өз кәсі­бінде тәлімгер болып қана қоймай, жаңа идеяларды бөлісуге және жақын болашақта олардың нәтижелерін көруіне мүмкіндік береді.

Аргентиналық жазушы Хорхе Луис Борхестің «Мәңгілік өмір» әңгімесінде Рим жауынгері жорық кезінде «өлім­сіздік қасиетін беретін құпия өзенді» кезіктіреді. Сол өзеннен су ішіп, мәң­­гі жасап, жылдар бойы терең ой жү­гірт­кеннен кейін, ол өлімнің өмірге құн­дылық беретінін, ал өлмейтіндер үшін «бәрі қайталанатынын және ештеңе де жоғалмайтынын» ұғады. Әлгі римдік мың жыл бойы мәңгілік өмірге қарсы антидотты іздейді. Бір күні Эритрея жаға­лауында ол бұлақтан таза су ішіп жат­қанда тікенді ағаштың шаншуын се­зінеді. Оны бейтаныс ауырсыну сезі­мі мазалайды. Кейін өлім оған қайта орал­ғанын түсініп, ол терісінен баяу ағып жатқан қан тамшысын үнсіз, қуанышпен бақылайды.

Бір жолы студенттер тобынан таңдау жасауды сұраған екен. Бірінші таңдау: сіз өлмейсіз, бірақ бұл шарт махаббат­ты, жүктілікті, көбеюді және т.б. мүмкін етпейді. Екінші таңдау: сіз 85 жасқа де­йін өмір сүресіз, ешқашан ауырмайсыз, уақыты келгенде ұйқыда жан тапсы­расыз. Басым көпшілігі екіншісін таң­даған екен. Оны былай түсіндіріпті: өмір – басталуы мен аяқталуы бар сауық кеші сияқты. Біз сауық кештің бірнеше сағатқа созылатындығын білеміз және ол кеште барынша ләззат алып, оны жіберіп алмауға тырысамыз. Сауық кеші ешқашан аяқталмайды деп елестетіп көріңіз, сіз кез келген уақытта – ертең, бір айдан кейін, бірнеше айдан кейін сол кеште қалағаныңызша бола бересіз, әрине, оған қызығушылық уақыт өте жоғалады.

Өмірді оның барлық сұлулығы мен көріністерінде сақтауға деген ұмтылыс – адамзаттың ғасырлар бойғы арманы. Біз ұзақ жылдар бойы жасаруға немесе сол қалпымызда қалуға тырысамыз, кем дегенде біраз уақытқа – мәңгілікке кеткенше.

Уақыт алқабы

Түнде бір төбеге шығып алып, аспан­­дағы жымыңдаған жұлдыздарға қара­дым. Бастапқыда кезінде ата-бабаларым көрген жұлдыздарға қарап тұрғандай сезіндім. Дегенмен артынан жұлдыздар да адамдар секілді туады, өмір сүреді және жойылады, ал ғалам тұрақты қоз­ғалыста, онда мәңгілік динамика бар шығар деген ой келді. Жұлдыздар да қай­та жаңару үшін өте кішкентай бөл­шектерге бөлініп, ағып түседі екен. Ол бөл­шектерден жаңа өмір туындайды, оның ішінде адам өмірі де бар.

Жұлдыздың жарқ етіп жағылуы мен сөну феноменін астрофизиктер супернова деп атайды. Олардың пікірінше, Ғаламдағы барлық материалды нәрсенің бәрі, соның ішінде адамзат та дәл осы құбылыстың нәтижесінде пайда болған. Сонымен қатар бұл процесс үздіксіз жалғасып жатады.

Жердегі өмірден кетіп, біз Ғаламның басқа бір бөлігінде қайта пайда болу үшін ұсақ бөлшектерге бөлінеміз деген түсінік бар. Бұл тұрғыдан алғанда, өткен уақыт туралы түсінік жоқ деген түйін шығады. Біз барлығымыз бір уақыттық кеңістікте өмір сүреміз, бір материядан «тоқылғанбыз», ол үшін өткен шақ та, болашақ та жоқ, барлығы – дәл осы шақта.

Мұны түсіну үшін ең алдымен өзі­міздің ішкі жан дүниемізге үңіліп, өзі­міздің неден жаратылғанымызды, жүз­деген миллиард жыл бұрын Ғаламның не­ні жаратқанына зер салуымыз керек. Біз Ғаламның ажырамас бір бөлі­гіміз және біздің дүниеге келуіміз, өмір сүруіміз және өмірден өтуіміз – ғалам­дық өлшеммен алғанда, бір сәт қана. Біздің өміріміздің маңыздылығы мен тіршілігіміздің мәні, сондай-ақ өмір сүруіміз – бар болғаны бір жол іспеттес, Ғаламның өзі өзін тануға тырысатын секілді.

Менің ойымша, Ғалам мен мәңгілікке біршама жақындау үшін дала мұхитын шарлаған менің ата-бабаларым – көш­пенділер болмысты дәл осылай сезінген, уақыт пен кеңістікті дәл осы өлшеммен қабылдаған. Олар да мәңгілік әлемге жақындау үшін өмірін табиғатпен және уақыт кеңістігімен астастырған ғой. Бір таңғаларлығы, мұндай пайымдаулардың бүгінгі күнде сенімді ғылыми дәлелдері бар. Біз уақыт ағымы жайлы айтамыз. Шындығында, уақыт жүйелі категория емес, оны мүлдем басқа өлшемге ие үлкен ландшафт, алқап деп айтуға болады.

Және бұл уақыт алқабында бұрын өмір сүргендердің бәрі де орналасқан. Өйткені бәріміз де біртұтас ғаламдық материядан «тоқылғанбыз». Өмірден кеткенде, біз жаңару үшін жоғалып бара жатқан жұлдыз сияқты өз материа­лымыздан тұратын жаңа нәрсеге өмір сыйлаймыз.

Сол сәтте мен уақыт пен кеңістік ал­қабында сонау көшпенді ата-бабаларыммен, мәңгілік ғаламды тамашалаушылармен қатар тұрғандай сезіндім. Ғалам жаратылған кезде де осылай болған. Мәң­гі-бақи солай болмақ.

Алмаз ШАРМАН,

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі