Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте ЖОО, колледждер, мектептер мен балабақшаларда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау және сайлауалды уәделерді орындаудың басқа да өзекті мәселелері қаралды.

Отырысқа қатысушылар мектепке баратын ерекше балаларды әдістемелік сүйемелдеу мәселелерін талқылады. Кеңес мүшесі, «Болашақ» қорының басшысы Динара Шайжүнісованың айтуынша, педагог-ассистенттердің шамадан тыс жүктемесі бүгінде түйінді мәселелердің бірі болып отыр. «Қазіргі таңда олар айына 90 мың теңге жалақыға жұмыс істеп, кем дегенде 2 баланы оқытып, қолғабыс жасайды. Мамандар тұрақтамайтындықтан, балалар оқи алмай, қамқорлықсыз қалады. Осының салдарынан кейде балалар толық бір оқу жылы бойы білім ала алмаған жағдайлар да бар. Біздің жобада 300-ге жуық педагог-ассистент жұмыс істейді. Олардың барлығы еңбекақының аздығынан жұмыстан кеткілері келеді», деді Д.Шайжүнісова.
Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сенсек, елімізде мыңға жуық педагог-ассистент жұмыс істейді, қосымша пән мұғалімдері арнайы курстардан өтуде. Ал жалақының төмен болуы олардың біліктілік деңгейіне байланысты көрінеді.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері интернаттардың да жай-күйін талқылады. Бүгінде елімізде барлығы 577 интернат бар, оларда 147 мыңнан астам бала тұрады. Бұл – көру, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы интернаттар, медициналық-әлеуметтік мекемелер және дарынды балаларға арналған маманданған, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған интернаттар, мектеп жанындағы интернаттар, мектеп-интернаттар.
Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Динара Закиева атап өткендей, 2019 жылдың ақпан айында партиялық тыңдауларда кеңес кейбір интернаттық мекемелердегі адам шошырлық жағдай туралы мәселені көтерген болатын. Nur Otan араласқаннан кейін ғана 19 интернат жөнделіп, кәріз жүргізілді, жиһаз бен жабдық жаңартылды. Алайда бұл мәселе барлық интернаттық мекемелердегі балалардың өмірін түбегейлі өзгерту және жақсарту үшін үнемі назар аударуды және жүйелі жұмысты талап етеді.
«Тиісті депутаттық сауал осы жылдың ақпан айында жолданды. Осыған қарамастан, Білім министрлігі тарапынан ешқандай жүйелі іс-қимыл атқарылмады. Білім және ғылым министрлігі еліміздегі балалардың құқықтарын қорғауға жауапты екенін түсіне ме? Біз өңірлік кеңестерден интернаттар бойынша өз бетінше жұмыс жүргізуді, олардың әрқайсысындағы жағдайды жақсарту үшін әкімдіктермен бірлесіп шешім қабылдауды сұрадық. Содан кейін ғана біздің қолымызға қандай интернатта күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізілгені немесе жүргізілетіні, не қажет екені туралы нақты ақпарат тиді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, ал өңірлік кеңестер әрбір интернаттағы жағдайды жақсарту бойынша міндеттің орындалуын бақылауға алады. Біздің мақсатымыз – еліміздегі барлық интернатты балалардың өмір сүруіне қолайлы ету», деді ол.
Кеңес мүшелері 534 интернат мекемесіндегі жағдайды зерттеген. Д.Закиеваның айтуынша, барлық интернатты күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізген жалғыз аймақ – Павлодар облысы. Сондай-ақ бұл істе Қостанай облысы да алда келеді: облыстағы 36 интернаттық мекеменің 29-ы жөнделген. Соңғы 3 жылда интернаттары мүлдем жөндеу көрмеген Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы жағдай бәрінен нашар.
«Алматы облысында тек 3 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілсе, ал қалған мекемелерде тіпті жоспарланбаған. Түркістан облысында тек 1 мекемеде күрделі жөндеу жүргізілді, бұл – біз барып, мәселе көтерген интернат. Бірақ өңірде бұдан басқа 40 интернат бар. Қарағандыдағы №68 мектеп-интернатта жатақхана мектептің бірінші қабатында орналасқан, мұнда бір бөлмеде 15-тен 25-ке дейін бала тұрады. Осы жағдайға Қарағандыдағы әріптестерімнің назарын аударғым келеді», деді кеңес төрағасы.
Интернат мекемелеріндегі жағдайды жақсарту үшін Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола және Маңғыстау облыстарында тиісті жоспар жоқ. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, бірлескен бұйрық жобасы әзірленген. Оған сәйкес балалардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың білім алуға, тамақтануға, тасымалдауға, демалуға құқықтарын сақтау мониторингі мен бақылауы жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске тексеру қорытындылары бойынша шығарылған нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту құқығын беру бөлігінде түзетулер енгізіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша аталған кеңес Білім және ғылым министрлігінен 2022 жылы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жоспарланып отырған мекемелердің тізімін, сондай-ақ анықталған проблемаларды, оларды шешу мерзімдері мен жолдарын көрсете отырып, интернаттық мекемелер мониторингінің нәтижелері бойынша есеп беруді сұрады. Сонымен қатар кеңес мүшелері интернаттық мекемелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарауды ұсынды.
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар