Қоғам • 08 Қазан, 2021

Әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары көбейе түсті

218 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетілетін әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары дамып келеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары көбейе түсті

Апта басында Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осы саладағы бірқатар нысанды аралады. Ведомство басшы­сы­ның жұмыс сапары KUNDE CAFE-сіне барудан басталды. Бұл мен­­тальды даму ерекшеліктері бар қа­­зақ­­стандықтарға тәуелсіз өмір сү­ру­ге үйренуге және дос та­бу­ға кө­­­­мек­те­сетін бірегей жоба. Дәм­ха­­наға ­жұмысқа тұру мүгедектігі бар адам­дарға өмір сүру сапасын жақ­­сар­туына, базалық дағды­лар­­ды үйренуіне және табыс табуына кө­мектесіп қана қоймай, ден­сау­лық­та­рына да оң әсер етті – қо­ғам­да әлеуметтену 30 адамды емдеуге жат­қызу санының 5 есеге қыс­қа­руы­на септігін тигізгенін ерекше атап өту­ге болады.

Министр барған келесі нысан мүгедектігі бар адамдар жұмыс іс­тейтін «Жібек» тігін цехы болды. Сонымен қатар С.Шәпкенов пси­хи­калық ауытқулары бар балаларды (АСБ, КПД, ПСК, НЖГБ, алалия, дислексия және т.б.) түзету мен дамытуға, сондай-ақ мектепке барар алдындағы және мектепке баратын жастан кіші балаларды дамытуға бағытталған ABAQUS-DARYN жеке түзету-дамыту орталығының жұ­мысымен танысты.

ABAQUS-DARYN-да балалармен психологтар, дефектологтер, логопедтер, ЕДШ тренері, тәрбиешілер, ава-терапевтер, эрготерапевтер, бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс істейді. Сабақтар жеке және топтарда өткізіледі, әр баланың жеке оқу бағдарламасы бар. Орталық жұ­мысының негізгі әдісі – АВА-терапия. Бұл – мінез-құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне не­гізделген қарқынды оқыту бағдар­ла­масы. Оның көмегімен мінез-құ­лықты түзетуге, өзін өзі күту дағ­дыларын үйретуге және сөйлеу дағ­дысын дамытуға болады. Сондай-ақ орталықта ата-аналарға балаларымен өз бетінше жұмыс істеу және үй тапсырмасын орындау үшін АВА-терапия негіздерін тегін үйретеді. ABAQUS-DARYN орталығында жұмыс істеген уақыт ішінде 500-ден астам бала даму және оқыту курсынан өтті. Барлығының жақсы нәтижелері бар.

Жоғарыда аталған­ биз­нес-жо­ба­­лардың құрыл­тай­шы­ла­ры­мен әң­гі­­­ме­лесу барысында минис­тр олар­дың жүр­гізіп жатқан жұ­мыс­та­рының және жалпы әлеу­меттік кәсіпкерлікті дамытудың маңы­зын атап өтті.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеу­­меттік қолдау және өмір сүру сапа­сын арттыру – мемлекеттік сая­сат­тың басты бағыттарының бірі. Сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің бірінші кезек­тегі міндеттерінің қатарына жа­тады. 2020 жылы әлеу­меттік тө­лем­дерге, техникалық құ­­рал­дар­мен және оңалту қызмет­терімен қам­­та­масыз етуге мем­ле­кеттік бюд­жет­­тен 455 млрд теңге бөлінді. Биыл осы мақсаттарға 486 млрд теңге көз­делген. Мүгедектігі бар адам­дар­дың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру аясында ты­ныс-тіршіліктің барлық ба­ғы­ты бойынша шаралар кешені қабылдануда. Алушыларға ыңғайлы болу, оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 2020 жылы Әлеу­мет­тік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) іске қосылды. Қаң­тар айынан бастап оңалтудың техникалық құралдарының барлық 55 түрі пор­талға көшірілді. Өткен аптада Пар­ламент азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған заң қабылдады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін медициналық-әлеу­мет­тік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақ­сатында мүгедектікті сырттай бел­гі­леуді енгізу бойынша жұмыс жүр­гізіп жатырмыз. Осы айдың өзін­де жоба Қазақстанның 6 өңірінде пи­лотты түрде іске қосылады. Оны іс­ке асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанцияларға ба­руын және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыс жасауын болдырмауға мүмкіндік береді. Мү­­гедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру процесінде ке­­­­дер­гісіз орта құрумен қатар олар­­­­дың қоғамға әлеуметтенуі өте маңызды мә­селе болып саналады. Бұл бағытта әлеуметтік кә­сіп­­­керліктің маңызы зор. Жұ­мыс­­тарыңыз үшін алғысымды біл­ді­ремін, бизнестеріңіздің одан әрі табысты болуына және дамуына тілектеспін. Қазақстанда осындай жобалар жыл сайын көбейе берсін», деді С.Шәпкенов.