Өнер • 08 Қазан, 2021

Үздік жас ақындар анықталды

1721 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы және «Күміс қалам» поэзиялық байқау өтті.

Үздік жас ақындар анықталды

Жас ақындар арасындағы республикалық байқаудың ашылу салтанатында Шым­кент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Байқаудың негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жыл­­дығында жеткен же­тіс­тіктерді насихаттау, әде­би үр­дісте дарынды жас ақын­­­дар­дың жарқырап кө­рінуіне жол ашу. Байқауға елі­міздің 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 жазба ақыны қаты­суға ниет білдірген. Жас ақын­дардың ішінен оза шауып, жарқырай көрінген үз­діктерді Қазақстан Жазу­шылар одағы басқарма төр­­ағасының орынбасары Ба­қыт Беделхан, Қазақстанның ең­бек сі­ңір­ген қайраткері Хан­­бибі Есенқарақызы, ақын Ба­қыт­­жан Алдияр, «Қа­­ратау» дәс­түрлі өнер мек­тебінің ұс­та­зы Абай Қал­ша­бек, «Ай­тыс ақындары мен жыр­шы-тер­ме­шілердің халық­ара­лық ода­ғының» мүшесі Бек­мұрат Анар­­баев анықтады.

Сонымен, Ақтөбе облысынан келген Ершат Қайболдин әдеби байқаудың бас жүлдесі «Күміс қалам» иегері атанды. Ақтық сынға шыққан Ал­­­маты облысының өкілі Ай­­дана Қайсарбек Есенғали Рау­­шанов атындағы арнайы сый­лықпен марапатталды. Жар­­тылай финалға өткен 4 ақын – Нұрболат Жолдасбек (Жамбыл облысы) «Жәркен Бө­дешұлы», Әлімжан Әлі­шер (Шымкент қаласы) «Әбілда Аймақ», Мұқағали Кен­жетай (Түркістан облысы) «Жеңіс Баһадүр», Салтанат Ма­дияр­қызы (Шымкент қа­ласы) Әділ Ботпанов атындағы сый­лыққа ие болды. Қалған 14 ақы­нға қаламақы мен ба­ғалы сый­лықтар берілді.

Сондай-ақ елімізде ал­ғаш рет ұйымдастырылып отыр­ған республикалық «Кү­міс домбыра» бәйгесінде ниет білдірген 30 айтыскер ақынның іріктеу нәтижесі бойынша 16-сы бақ сынады. Айтыс өнерінің шыңы саналып жүрген «Алтын дом­быра» үрдісімен өткен «Кү­міс домбыра» айтысында ке­шегі өмірден өткен Әселхан Қалыбекованың шәкірттері Маржан Есжанова мен Кә­рима Оралова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лау­реа­ты Бекарыс Шойбеков, Сыр сүлейлерінің тұяғы, «Ал­тын домбыраны» үш дүркін же­ңіп алған Мұхтар Ниязов, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Бах­тияр Тай­жан қазылық етті. Сайыс нә­тижесі бойын­ша Ақмола об­лысының өкілі Нұрмахан Жа­қыпбек бас жүлде – «Кү­міс домбыра» ие­гері атанды. Ал Ай­шолпан Төлеутай (Шығыс Қа­зақстан облысы) 1-орын­­ға ие болса, Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда облысы) 2-орын, Мейіржан Жақып (Түркістан облысы) пен Нұрғали Әнапия (Шым­кент қаласы) 3-орынды же­ңіп алды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.