Маск бұл қадамын Остинде электромобильдер өндірушілері акционерлерінің жылдық жиналысында мәлімдеді.
Оның сөзіне сенсек, Калифорнияда компания қызметкерлеріне қолжетімді баспана табу қиын.
Штаб-пәтердің көшуіне қарамастан, Маск компания Калифорния мен Невада зауыттарындағы өндірісті 50%-ға арттыруды жоспарлап отырғанын айтты.
АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарында Илон Маск Калифорния штатымен қиын қарым-қатынаста болғаны жайлы да жазылған. Ол мамыр айында Tesla компаниясының Fremont зауытын жабуға мәжбүр болғаннан кейін жергілікті саясаткерлермен келіспей қалған.