Әлем • 08 Қазан, 2021

Байден Түркияға салынған санкция мерзімін ұзартты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Джо Байден Түркияға салынған санкция мерзімін ұзартқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Байден Түркияға салынған санкция мерзімін ұзартты

Байденнің айтуынша, түрік билігінің Сирияның солтүстік-шығысындағы әрекеттері «ДАИШ-ты жеңу науқанына» нұқсан келтіреді, сонымен қатар бейбіт тұрғындарға қауіп төндіреді және аймақтағы бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

АҚШ санкцияны 2019 жылы Түрік қарулы күштерінің Сирияға басып кіруіне және күрд жасақтарына қарсы әрекеттеріне байланысты Қорғаныс министріне, Түркия Бас штабының бұрынғы қолбасшысына, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Энергетика министрлігіне салған еді.

Сириядағы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді.