Қазақстан • 09 Қазан, 2021

Бүркітті пойызбен тасымалдауға рұқсат керек

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүркітті пойызбен тасымалдауға рұқсат жоқ. Бұл атадан қалған дәстүрді дәріптеуге кедергі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бүркітті пойызбен тасымалдауға рұқсат керек

Еліміз тәуелсіздік алғалы баба мұ­расын қастерлеп, кейінгі ұрпаққа үйрету бағытында еңбектеніп жүргендер жоқ емес. Десе де, салада қордаланған мәселе көп. Бүркітшілік туралы әдістемелік оқулық дайындау қажет. Түрлі шараларда бекзада өнерге төрешілік етіп жүргендерге арнай куәлік те берілмейді. Жиында сала мамандары саятшылық өнерін дамытуға бар ынта салатындарын айтты. Ататлған мәселеге қатысты Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы, Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли пікір білдірді.

– Бүркітшілердің үнемі қозғап жүрген мәселесі – ол бүркіттерін жарыстарға барар кезде пойызбен тасымалдауы болып отыр. Теміржолмен барады. Купеде алып жүрген кезде жолсеріктер ережеде жоқ деп түсіріп тастайды екен. Олардың ережесі бойынша бүркітті торға салып жүру керек екен. Ал бүркітті торға салса, ол ұша алмай қалады. Былайша айтқанда томаға, балдағымен торсыз-ақ алып жүруге ыңғайлы. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын, - деді Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли.