Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісіне қатысып, ақталғандардың саны 516 адамға жетті. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Желтоқсан қаһармандарының ерлігін насихаттау мақсатында деректі фильм түсірілуде. Студент жастар арасында Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің құрметіне бокстан, Е.Сыпатаевтың құрметіне қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады. Қазақтың батыр қыздары Л.Асанованың, С.Мұхамеджанованың және К.Молданазарованың құрметіне өңірлерде оқушылар арасында шығармашылық патриоттық іс-шара өткізіледі. Жалпы елімізде Желтоқсан қаһармандарына арналған алаңдар ашу, ескерткіш, монументтер орнату бойынша жұмыс бюджеттің мүмкіндіктеріне сәйкес жүргізілуде», деп жауап береді Ералы Тоғжанов.
Вице-премьердің дерегінше, Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушылары есімімен 111 нысан ашылды. Бұдан бөлек, ҚР Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы № 540 Жарлығына сәйкес елімізде желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылықтан босатылды.
«1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан, жұмыстан шығып қалған азаматтар «ақтау туралы» анықтаманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің дәлелді құжаттарын жергілікті прокуратура органдарына ұсыну арқылы ала алады. Анықтама алу тәртібі барынша жеңілдетілген. 2020 жылы Алматы қаласында ақталған желтоқсандықтардың саны 400 адам болса, 2021 жылы 516 адамды құрады», деді Үкімет басшысының орынбасары.
Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді
Үкімет • Кеше
АЭС Қазақстанды қалай өзгертеді?
Қазақстан • Кеше
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді
Қоғам • Кеше
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Қоғам • Кеше
Медицина мамандарына дәріс оқыды
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
«Айқап» журналын алғашқы шығарушы
Руханият • Кеше
Туризм • Кеше
Туризм • Кеше
Ірі жұмыс берушілер маман іздейді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Оралда ток соққан екі адам жансақтау бөліміне түсті
Оқиға • Кеше
Атырауда 900 мың теңгенің өнімдері заңсыз сатылымға шығарылған
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам зардап шекті
Оқиға • Кеше
Абай облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада Румыния Президентінің кітабы таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент: Каспий – шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын теңіз
Президент • Кеше
Алтыншы Каспий саммитінің коммюникесі
Президент • Кеше
Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді
Қоғам • Кеше
Талдықорған маңындағы өзен жағасында белгісіз зат табылды
Аймақтар • Кеше
ШҚО-ның Самар ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңсыз балық аулағандарға жаза күшейтіледі
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар