Медицина • 11 Қазан, 2021

Биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға 22 млрд теңге бөлінеді

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 млрд теңгеден астам қаражат Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға 22 млрд теңге бөлінеді

«Биологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп биологиялық қатерлерді ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған биологиялық қауіпсіздік туралы негізгі және ілеспе заң жобаларын әзірледі», деді Алексей Цой.

Ведомствоның мәліметінше, заң жобасы аясында биологиялық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері анықталды:

  1. Төтенше жағдайлар;
  2. Жұқпалы аурулар мен одан болатын өлім-жітім деңгейінің өсуі;
  3. ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу;
  4. Терроризм немесе диверсия актілері.

Биологиялық қауіпсіздік жүйесі бес негізгі элементке негізделеді:

  1. Биоқауіптер мен биоқауіптерді есепке алу және мониторинг арқылы анықтау;
  2. Биоқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі;
  3. Кадрлық ресурстар;
  4. Биоқауіпсіздік саласындағы профилактика;
  5. Коллекциялық қызмет.

«Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжіліске енгізілді, жұмыс тобы депутаттардың ұсыныстарын пысықтауда. Биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде заң жобасымен 2022-2024 жылдарға арналған жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асатын шығыстар көзделеді, оның ішінде 22,7 млрд теңге, оның ішінде 2022 жылға 4,1 млрд теңге, 2023 жылға 11,9 млрд теңге, 2024 жылға 6,6 млрд теңге қолдау көрсетілді», деп нақтылады Алексей Цой.