Аймақтар • 11 Қазан, 2021

Қызылордада мектеп қазандығы жарылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада мектеп қазандығы жарылды

Бұл туралы  ТЖМ мәлім етті.

Министрліктің мәліметінше, 11 қазанда таңғы сағат 08.15-те Департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы - 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылған.

«Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы - плюс 9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізіледі», делінген хабарламада.