Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында Сингапурда қала тұрғындары мен туристтер арасында кеңінен танымал «Gardens by the Bay» (Шығанақтағы бақтар) саябағында «Tulipmania 2021» атты тақырыптық көрме өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы жазады.
Салтанатты шараға Сингапурдың парламенті, академиялық және іскерлік ортаның, дипкорпустың, қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті азаматтар қатысты.
Іс-шараның құрметті қонағы Сингапурдың Премьер-Министр кеңсесіндегі Министр, Екінші қаржы министрі және Екінші ұлттық дамудың министрі Индрани Раджа болды. «Gardens by the Bay» саябағында өткізілетін жыл сайынғы көрме - Сингапурдың мәдени күнтізбесіндегі маңызды оқиға.
Еліміздің мәдени мұрасы мен табиғи көрікті жерлеріне арналған биылғы көрменің тақырыбы – «Тюльпаномания» кездейсоқ таңдалмады: қызғалдақтардың отаны – қазақ даласы екенін білетіндер аз, ол жерден ежелгі уақытта бұл ерекше гүл Еуропаға әкелініп, кең танымалдыққа ие болды.
Саябақтың атқарушы директоры Феликс Лоу пандемия кезіндегі қазіргі карантин шектеулеріне қарамастан, бағалаулар бойынша көрмеге 100-ден 200 мыңға дейін сингапурлық және өзге де шетелдік туристер келетініне сенім білдірді.
Осындай ауқымдағы іс-шара екіжақты ынтымақтастық тарихында алғаш рет Сингапурда өткізіліп отыр. Мерейтойлық оқиғаның құрметіне аралдың орталық ауданында орналасқан 101 га алаңдағы «Gardens by the Bay» саябағында Ұлы Жібек жолының дәстүрлі базарлары қайта жаңғыртылды, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті салынды, дәстүрлі қазақ киіз үйі орнатылды. Халықаралық көрмеде ұсынылған түрлі этнографиялық материалдар, қазақ тұрмысының заттары сол заманның рухын көтеруге көмектеседі.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов көрменің екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас жылнамасында өз ізін қалдыратынына және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететініне, сондай-ақ Жібек жолының маңызды буыны ретінде Қазақстанның туристік танымалдылығын, бай мәдени, рухани және табиғи мұрасы бар ел ретінде ілгерілетуге маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.
Көрмені ұйымдастыруға Сингапурда тұратын қазақстандық диаспора өкілдері елеулі үлес қосты. Ішкі жабдығы бар қазақ киіз үйін осы көрме үшін «Шеберлер ауылы» отандық компаниясының мамандары арнайы жасап, ұшақпен жеткізді. Қазақстандық музыканттардың орындауындағы ұлттық әуендер концерті ашылу салтанатына қатысқан қонақтардың жоғары бағасына ие болды.
Көрме 14 қарашаға дейін жалғасады.
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған
Қазақстан • Кеше
Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
Коронавирус • Кеше
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді
Әлем • Кеше
Павлодарда жер астынан су атқылады
Аймақтар • Кеше
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттен фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Елордалық оқушыларға 670 млн теңге бөлінеді
Елорда • Кеше
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
Елорда • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған
Әлем • Кеше
Тағы 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Қоғам • Кеше
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Кеше
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Кеше
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Кеше
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Кеше
Атырау және Хорезм облыстары өзара тиімді байланысты кеңейтпек
Қазақстан • Кеше
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Кеше
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Кеше
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Кеше
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Кеше
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Кеше
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Кеше
Коронавирус • Кеше
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Кеше
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар