Күні кеше ғана Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлері Аспанасты елінде қандай құрамда өнер көрсететіндерін жария етті. Ерлер арасында Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов және Мерсаид Жақсыбаев сынды сайыпқырандар сайысқа түседі. Әйелдер сайысында Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова, Яна Хан, Ольга Тихонова, Алена Волковицкая және Мадина Жанбосыноваға сенім артылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жылдың соңына дейін әлем кубогы санатында енетін тағы төрт кезеңдік сайыстар өтеді. Бұл бәсекелерді Жапонияның Нагоя (28-30 қазан), Мажарстанның Дебрецен (18-21 қараша) және Нидерландтың Дордрехт (25-28 қараша) қалалары қабылдайды.