ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Берікхан Нұрғалиевтің хабарлауынша, бірер күннен кейін синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған Үкімет Қаулысы күшіне енеді.

Онлайн форматта өткен брифингте басқарма басшысы ең көп таралған есірткі үшін қылмыстық салмақтың ауырлай түскенін айта келіп, бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі белгіленгенін мәлімдеді. Сондай-ақ бұдан былай «пиралерон» (жылдамдық), мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноидтердің (спайс) заңсыз айналымымен айналысқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бір грамның өзі жеткілікті. Ал бұрын «синтетика зертханашыларын» жазаға тарту үшін «ақ ажалдың» салмағы 50 грамнан кем болмауға тиіс еді.
ІІМ мен Парламент депутаттарының адам ағзасына әсері өте күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын бірлесіп әзірлеп жатқанын айтқан полиция полковнигі: «Кей дәрі-дәрмектерді қолданғанда адам санасы өзгере бастайды. Есірткі жасаушылар бұл дәрілерді жасөспірімдердің денсаулығына тәжірибе жасау мақсатында психоактивті заттар ретінде пайдалануы әбден мүмкін», деді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстардың бірі – жойылған жасырын есірткі зертханалары. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері осындай 13 зертхананы әшкерелеген. Оның 2-уі – Нұр-Сұлтан қаласында, 4-уі – Қарағанды, 3 – Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында және біреуі Ақтөбе өңірінде анықталып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында жүргізілген ауқымды операция кезінде еліміздің бірнеше өңірінде жұмыс істеген ірі есірткі синдикатының жолы жабылды. Қазіргі таңда осы дерек бойынша трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құруға және оны басқаруға, ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткі сатуға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалған.
Брифинг барысында еліміздегі есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар нәтижелеріне кеңінен тоқталған спикер «Рефлекс» және «Қарасора» жедел операцияларының қорытындыларымен де таныстырды. Синтетикалық есірткілерді өндіру және өткізу фактілерін анықтауға бағытталған «Рефлекс» операциясы желтоқсанға дейін жалғасады. Б.Нұрғалиевтің мәлімдеуінше, жедел іс-шараның алғашқы аптасында-ақ синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыс анықталып, шамамен 1 килограмм есірткі тәркіленген. Ал бір кило «синтетика» үш мың дозаға тең.
«Қарасора» – жабайы сораның пісіп-жетілу кезінде елімізде жыл сайын өткізілетін арнайы операция. Биыл республикалық операция аясында 851 есірткі қылмысы, оның ішінде 416 өткізу, 126 есірткі сақтау, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 233 фактісі анықталған. Тәркіленген 10 тоннадан астам есірткі заттарының ішінде 8,5 тонна марихуана, 65,6 кг гашиш, 60,2 кг синтетикалық есірткі, 764 грамм героин бар. ІІМ өкілі «Қарасора» кезінде жалпы салмағы 8 тонна сораның 12,9 мыңнан астам бұтасы табылып, жойылғанын да хабарлады.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар