Экономика • 12 Қазан, 2021

Елімізде дизель тапшылығы мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық тұтынушыларды дизель отынымен қамту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр. Дизель тапшылығына қатысты ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде дизель тапшылығы мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды

«Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды, биыл сәуір айынан бастап дизельді экспорттау тоқтатылды және Атырау мұнай өңдеу зауытына жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты мен ПетроҚазақстанОйлПродактс (ПКОП) ЖШС-ға 100 мың тонна мұнай және 29 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Одан бөлек, Павлодар мұнай-химия зауытына жүргізілетін жөндеу жұмысы кейінге шегеріліп, қазанның алғашқы 10 күнінде аталған өнеркәсіп 30 мың тонна дизель отынын өндірді», деді Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының мәліметінше, биыл 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ресейден 65,7 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Ал 1-10 қазан күндері көрші елден тағы 22,2 мың тонна дизель әкелінген.

Оның айтуынша, 11 қазандағы жағдайға сәйкес ел көлемінде 214,9 мың тонна дизель бар.