Президент • 12 Қазан, 2021

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді баспанамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында күшейтілген кері байланыс туралы баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Мысалы, 2020 жылы – 7 мың, 2019 жылы – 2900, 2018 жылы – 1800 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілген. Сонымен қатар биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп ғимараты пайдалануға берілген.

Мемлекет басшысына қаладағы аяқталған үлестік құрылыстардың және газдандыру, қала шетіндегі елді мекендерді дамыту, цифрландыру, абаттандыру жұмыстарының қорытындысы туралы айтылды.

Алтай Көлгінов қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары мен вакциналау бойынша есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамытуға, атап айтқанда газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымы барысында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тапсырма берді.