Теннис • 12 Қазан, 2021

Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Денис Евсеев Испаниядағы Аликанте челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Дүниежүзілік рейтингте 406-орында тұрған Д.Евсеев бұл додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған еді. Ол алғашқы айналымда отандасы, әлемнің 165-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы Дмитрий Попкомен кездесті.

Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, онда Попко басым түскен еді. Бұл жолы екі сағатқа жуық созылған тартысты бәсекеде 28 жастағы Д.Евсеев 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч барысында Д.Евсеев 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді. Д.Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 224-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен таласады.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Наполи (Италия) челленджер турнирінде испаниялық Альваро Лопес Сан Мартиннен 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35