МАДРИД. «Біз өз дәуіріміздегі ең үлкен дағдарыстарға тап келіп отырмыз», деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш. Мұны 193 мемлекеттің басшысы қатысқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі кездесуінің ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. Осы орайда, дағдарыстардың екеуіне – климаттың өзгеруі мен коронавирус пандемиясына тоқталсақ, бұл мәселеде әлемдегі алпауыт державалардың емес, кішігірім және дамушы елдердің көшбасшылары жауапкершілікті сезінеді.

Мәселен, Нигерияның сыртқы істер министрі Хасуми Массауду климат өзгеруінің өз еліне тигізген жойқын әсерлерін атап өтті. Олардың қатарында құрғақшылықтың күшейіп бара жатқаны бар. 2010 жылы осындай апаттың салдарынан шамамен 4,8 миллион ірі қара мал өлді. Бұл елдегі ірі қараның 25 пайызын құрайды. Өлген малдың жалпы құны 700 миллион доллардан асты.
Сонымен қатар теңіз деңгейінің көтерілуі Тынық мұхитында орналасқан арал мемлекеттердегі экожүйеге айтарлықтай әсер етіп, одан келген залал мүлдем жойылмауы мүмкін. Тіпті кей аралдардың толығымен су астына кету қаупі туып тұр.
«Егер Тувалу ақыр соңында суға батып кетсе, БҰҰ-ның мүшесі болып қала бере ме?» деп сұрады аталған елдің премьер-министрі Каусеа Натано.
Дамушы елдердің осындай қиындықтар мен экзистенциялық қатерлерге тап болуы климаттың өзгеруі жөнінде тиімді ынтымақтастық жасаудың моральдық тұрғыдан қажетін көрсетеді. Бірақ бұл мәселені экономикасы дамыған елдер де жеке мүддесіне айналдыруы керек. Еуропалық орталық банктің бағалауына сүйенсек, жаһандық жылынуға қарсы әрекет жасалмаса, Еуропаның ішкі жалпы өнімі 10 пайызға қысқарады. Бұл корпоративтік төлемдердің 30 пайызға өсуіне әкеледі. Ал ауа райының күрт құбылып, төтенше жағдайлардың жиілеуі жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне зардабын тигізеді.
Дегенмен жаһандық жылыну салдарынан туындайтын қиындықтарға жол бермеу мүмкіндігімізді тиімді пайдалана алмай отырмыз. Уақыт өтіп барады. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық панельдің соңғы есебіне сәйкес, егер парниктік газдар шығарылымын жедел, тез және ауқымды түрде азайтпасақ, жаһандық жылынуды өнеркәсіптік революцияға дейінгі деңгейде – 1,5°C немесе 2°C көлемде сақтап қала алмауымыз мүмкін.
Сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясында Жаһандық оңтүстік (дамушы елдер) коронавирус дағдарысымен күреске қатысты маңызды пікірлер айтты. Мысалы, Намибия президенті Хейг Геингоб пандемияны тоқтатуға кедергі келтіріп отырған «апартеидтік вакцина» әрекетіне тоқталды. Шынында да, көпжақты жүйеміз бүкіл әлемге вакцинаны тең таратып, бәрін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамады. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун жақында атап көрсеткендей, табысы төмен елдердегі ересектердің тек 2 пайызы ғана толықтай екпе алған. Бұл көрсеткіш бақуатты елдердегі ересектердің 50 пайызына жетті.
Әлем коронавирусқа қарсы вакцина жасауда өте тиімді жұмыс істеп отыр. Қазіргі таңда айына 1,5 миллиард доза екпе шығарамыз. Сөйте тұра, оларды тарату мәселесінде ысырапшылдыққа жол бердік. Airfinity ірі зерттеу фирмасының мәліметіне сәйкес, егер қолданылмаған екпелерді таратуға қазірден бастап кіріспесек, онда осы жылдың соңына дейін 100 миллион доза вакцинаның жарамдылық мерзімі өтіп кетеді. Африкаға және басқа да табысы төмен елдерге 2021 жылға дейін 2 миллиард вакцина жеткізуге тиіс COVID-19 Vaccine Global Access (COVAX) жобасы небәрі 300 миллион екпе ғана тарата алды.
Климаттың жылынуына қарсы әрекеттер секілді, вакцинаны тең бөлу – дамыған экономикалар үшін моральдық және практикалық қажеттілік. Вирустың таралуына жол берген сайын оның мутацияға ұшырау ықтималдығы да жоғарылай түседі. Сөйтіп, ол тез таралатын, көп өлімге әкелетін, вакциналарға төзімді нұсқаға айналады. Қазірдің өзінде екпе салу деңгейі жоғары елдер, мәселен, Израильде тамыз айына дейін халықтың 60 пайызы вакцинаны екі рет қабылдағанына қарамастан, «Delta» нұсқасының тез таралуына байланысты карантиндік шектеулерді қайта енгізуге мәжбүр болды.
Вакцинаны тең таратуды қамтамасыз етуден бөлек, халықаралық қоғамдастық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге медициналық мекемелердің төтенше жағдайларға дайындығын күшейтуі керек. Келешекте кезігуіміз мүмкін дағдарыстарды ерте анықтау үшін бізге қабілетті, жақсы қаржыландырылатын көпжақты орган қажет. Бірақ міндетті жарналар ДДҰ бюджетінің төрттен бір бөлігін ғана құрайды. Сондықтан ұйым ерікті жарналарға тәуелді.
Бұған өзгеріс жасауға жол бермейтін үлкен кедергілер бар. БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы кезінде Үнді-Тынық мұхиты аймағында геосаяси қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан шыққаннан кейін AUKUS деп аталатын Аустралия мен Ұлыбритания елдерімен бірлесіп, жаңа қауіпсіздік және технологиялық одақ құрды. Қытаймен арадағы шиеленіс күшейді.
Әлем халқының шамамен 65 пайызын, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 62 пайызын және тауар айналымы көлемінің 46 пайызын құрайтын Үнді-Тынық мұхиты аймағында қақтығыстардың өршуі жойқын зардаптарға әкелуі мүмкін. Мәселенің ушығуына ықпал ететін мәселелер де жетерлік. Тайвань АҚШ пен Қытай қарым-қатынасындағы аса қауіпті түйткіл екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Аталған аралда әскери жаттығулар өткізу жиі қайталанатын оқиғаға айналды. Ендеше, сәл қателіктен туындайтын күтпеген апат кез келген сәтте орын алуы ықтимал.
Шиеленіс осылайша өршіп тұрған кезде климаттың жылынуына қарсы ынтымақтаса әрекет ету барған сайын қиындай түседі. Бұл АҚШ-тың климат жөніндегі өкілі Джон Ф.Керридің жақында Тяньцзиньге барған сапары кезінде анық аңғарылды. Кездесу барысында сауда, адам құқықтары мен демократия, Оңтүстік Қытай теңізіндегі қорғаныс пен қауіпсіздік секілді көптеген салада екіжақты қарым-қатынастың қаншалықты шиеленіскенін байқадық. Қытай сыртқы істер министрі Ван И АҚШ өкілі Керримен бейнебайланыс арқылы сөйлесе отырып, егер қарым-қатынас жақсармаса, жаһандық жылынуға қатысты ынтымақтастық тұрақсыздана түсетінін ескертті.
АҚШ пен Қытайдың бәсекелестігі коронавирус пандемиясын тоқтатуға қатысты әрекеттерді де қиындатады. Өйткені екі ел де «вакциналық дипломатиямен» айналысады. Яғни басқа мемлекеттерге ұзақ мерзімді саяси тәуелділік пен геосаяси ықпалды нығайту әдісі ретінде вакцина береді. Бұл тәсіл екпенің қауіпсіз әрі әділ таралуына нұқсан келтіреді. Себебі мұндай пиғылдағы басшылар вирустың таралуы жалғасып, мутацияға ұшырап жатқан Латын Америкасының, Таяу Шығыстың және Африканың көптеген мемлекетін елемейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының отырысы кезінде қатысушылар дежавю сезімін бастан өткергендей кейіпте болды. Барбадос елінің премьер-министрі Миа Амор Моттлидің: «Әлі қанша уақыт бойы бір нәрсені қайта-қайта айтып, ақырында түк шығара алмай тарқай береміз?», деген сұрағы өте орынды қойылды. Мұның жауабы, негізінен, БҰҰ-ға байланысты.
БҰҰ-ның кемшіліктеріне қарамастан, бұл ұйым талайдан бері көпжақтылық жүйенің жүрегіне айналды. Глазгода өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне арналған конференциясы (COP26) жақындаған сайын ұйым іс-әрекетке шақыруды нақты әрекетке айналдыра алатынын дәлелдеуі керек. Әрі дамушы елдердің назын тыңдауды да ұмытпауға тиіс.
Хавьер СОЛАНА,
Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша бұрынғы жоғары өкілі,
НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы, Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі, EsadeGeo жаһандық экономика мен геосаясат орталығының президенті және Брукингс институтының құрметті оқытушысы
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар