Егемен Қазақстан • 13 Қазан, 2021

«Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды

1645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі ака­де­миясының прези­­­денті, «Егемен Қазақ­стан» РГ» АҚ басшысы Дар­хан Қыдырәлі Моңғо­лия Президентінің Жарлы­ғымен осы мемлекеттің жоғарғы наградасы – «Алтын жұлдыз» ордені­мен марапатталды.

«Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды

Қазақстанға Моңғолия деле­­га­­циясын бастап келген Сырт­қы қатынастар ми­нистрі Батмөнх­ийн Бат­цэцэг қазан­ның 11-і күні Түркі академия­сында болып, халық­аралық ұйым­ның жұ­­мыс­тары­мен таныс­қан еді. Кездесу бары­сында та­мыр­лас ел­дердің ор­тақ құн­­ды­лық­тарын зерт­теп, халық­тардың бауырлас­ты­­ғын бе­кем­­деудегі Академияның ең­­бе­гін жоғары бағалайтынын жет­­­кізген Батмөнхийн Бат­цэцэг Дар­­хан Қыдырәліге жо­ға­­ры­­да атал­ған марапатты тапсырды.

Түгел Түркінің тари­­хын түгендеп, рухани ынтымақтас­тықтың алтын арқауын жалғап жүрген әріптесімізге құтты болсын айтамыз!