Аймақтар • 13 Қазан, 2021

Көкшетаудағы жарылыс: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы кезінде зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетаудағы жарылыс: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, ауруханаға жарылыстан кейін күйік шалған әйел түскен.

«Оның жағдайы орташа ауыр. Денесінің 20 пайызын, негізінен, аяқтарын күйік шалған. Ол есін біледі, жағдайы тұрақты, жалпы палатаға жатқызылды. Науқас барлық қажетті емді толық көлемде алуда», деп түсіндірді дәрігер.

Жарылыстан зардап шеккен екінші тұрғын ауруханаға жатқызылған жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Көкшетау қаласының Көктем шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті.