Әлем • 13 Қазан, 2021

ХВҚ Әлемдік экономика құлдырап жатқанын мәлімдеді

146 рет көрсетілді

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың өсу болжамын 2021 жылы 5,9 пайызға төмендетті, бұл шілдедегі бағадан 0,1 пайызға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

ХВҚ-ның «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» баяндамасына сай жеткізу тізбегіндегі тұрақты сәтсіздіктер мен баға қысымы COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіреді, өйткені бұл Америка Құрама Штаттары мен басқа да ірі өнеркәсіптік державалардың өсуін тежейді.

ХВҚ 2021 жылға арналған әлемдік экономиканың өсу болжамын шілдеде жасалған 6,0 пайыздық болжамнан 5,9 пайызға дейін төмендеткенін атап өтті. Қор 2022 жылға арналған жаһандық өсу болжамын 4,9 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
 
«Бұл қарапайым өзгерістің артында кейбір елдер үшін болжамдардың айтарлықтай төмендеуі тұр. Пандемия деңгейінің нашарлауына байланысты табысы төмен дамушы елдер үшін болжам төмендеді. Рейтингтің төмендеуі экономикасы дамыған елдерге неғұрлым күрделі қысқа мерзімді перспективаларды да көрсетеді», делінген баяндамада.

ХВҚ сарапшылары экономикасы дамыған елдердің ЖІӨ-нің 5,2 пайызға өсуін күтіп отыр. Бұл мемлекеттердің ішінде ең үлкен өсім 2021 жылы Ұлыбританияда (6,8 пайыз), екінші орында Франция (6,3 пайыз), үшінші орында АҚШ (6 пайыз) болады деп жоспарлап отыр. Еуроаймақ бойынша орташа өсім 5 пайыз болады. Бұл орайда 2022 жылы Испания бірінші орынға, АҚШ екінші орынға, ал Ұлыбритания үшінші орынға шығады.

Қор сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 3,3 пайызға артады.

Қор пандемияға байланысты жағдай нашарлауына қарамастан, әлемдік экономика қалпына келе жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • Кеше

Алматы жолдарын су басты

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар