Көптеген елдер ұлттық валюта бағамын өзгертуге кәсіпкерліктің оң дамуы және ғаламдық көбіктен кәсіпкерлікті қорғау үшін баратынын байқаймыз. Ал Қазақстан экономикасының негізгі бөлігін шикізат құрайды. Біз ұлттық валютамызды ұзақ уақыт бойы тұрақты ұстап келдік. Аталған жағдайдың шикізаттық кәсіпорындар үшін тиімділігі аз.
Біз өзіміз өндіретін металл бағамының күннен-күнге құлап бара жатқанын айқын түсінуіміз тиіс. «Қазцинк» табысының 60 пайызын алтын құрайды. Бір жыл бұрын алтын 1600 доллар тұрса, бүгінде 1075 долларға бағаланып отыр. Осыған орай шығындар еселеп өсті. Шығынның көбі Қазақстанның ішкі жағдайында орын алды.
Алайда, теңге бағамына өзгеріс енгізген соң ішкі шығындар қолжетімді болды. Өйткені, біздің түсім доллармен есептеледі. Айырбастау курсы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары табыс табамыз. Бұл ретте мемлекет бюджетіне кәсіпорын есебінен жоғары салық түсімі түседі.
Әрине, теңге бағамының өзгерісінен қорқудың қажеті жоқ. Менің ойымша, бесжылдық көрсеткіштер көрсеткендей, ақша бағамының өзгеруінен әлемде үрей туғызарлықтай ештеңе болған жоқ. Мұны экономиканы сауықтыруға арналған екпе деуге болады. Экономикамыз тұрақты даму үстінде, ал соңғы жағдай экономикаға жаңа тыныс, соны леп берді.
Үкімет пен Ұлттық банк негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның өсімі болмайтынына уәде беріп отыр. Мұндай сәтте толқудың себебі жоқ деп ойлаймын.
Андрей ЛАЗАРЕВ,
«ҚазЦинк» ЖШС вице-президенті.