Әмина Арыстанбек әйгілі ARISTON концерт залында Fairytail әнімен өнер көрсетеді. Еске салсақ, дәл осы залда Адриано Челентано, Тото Кутуньо, Эрос Рамазотти, Рикардо Фольи, Матиа Базар, Альбано және Рамина Пауер, Анна Герман сияқты италиян эстрадасының жұлдыздары өнер жолын бастаған еді.
«Қазақстандық жас өнерпаз әлемдік танымал туындыларды скрипкада шебер орындайды және вокал бойынша түрлі өнер сайыстарында жеңімпаз атанған. Ол сахналық қойылым және хореографиядан да сабақ алады. Maxincubato өнер орталығының тәрбиеленушісі осы күнге дейін 8 халықаралық байқауда жеңімпаз атанған. Ол SanRemo Junior фестиваліне тыңғылықты дайындалды», дейді оның оқытушысы Лейла Болатбек.
San-Remo Junior байқауы – БҰҰ UNICEF қаржыландыратын Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы. Бұл байқауға жолдама алу үшін әлемнің жүздеген елінен үміткерлер сайысқа түседі. Биыл эпидемиялық жағдайға байланысты іріктеу турлары онлайн форматта өткен. Қазақстандағы іріктеу іс-шараларының қорытындысы бойынша Sanremo Junior (Italy) фестивалінің дирекциясы мен MIF (Management International Festivals) сарапшылар комиссиясы Әмина Арыстанбекті таңдап алған.