Әдебиет • 14 Қазан, 2021

Жамбыл Жабаевтың 10 томдық жинағы жарық көрді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген ақынның 10 томдық жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл Жабаевтың 10 томдық жинағы жарық көрді

Мемлекеттік тапсырыс аясында басылып шыққан көп томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап өмірден өткенге дейінгі барлық өлеңдері, айтыстары мен жырлары топтастырылған. Одан бөлек, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдардың ғылыми еңбектері, ақын-жазушылардың естеліктері де басылған.

Ж.Жабаевтың 175-жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, жыр алыбы Жамбылдың халқымыздың рухани дүниесінде қуатты да өміршең жырлары арқылы өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Бұл жарық көрген 10 томдық жинақ Жамбыл ақынның бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер енген тұңғыш толымды басылым ретінде жарыққа шығып отыр.

– Cондықтан да бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ Жамбылтануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептеймін, – деді Қырымбек Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар

Нақты істің кезеңі

Үкімет • Кеше

Отан да, парыз да ортақ

Аймақтар • Кеше

Инфляция иірімі

Инфляция • Кеше

Шаруаның көңілі неге күпті?

Шаруашылық • Кеше