Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Алматы облысында жүк көлігі ер адамды қағып кетті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жүк көлігі ер адамды қағып кетті

13 қазан күні сағат 16:45 шамасында Алматы қаласының 59 жастағы тұрғыны Wuling автокөлігімен Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен батыс бағытта келе жатқан.

«Гүлдала ауылына кіре берісте көлікті басқара алмай қалып, бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда жүріп кетіп, жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жеке басы анықталды», деп жазылған ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсында жарияланған хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Автомобильді басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзуы», бойынша СДТБТ-де тіркелді.